ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

ЖЕРГІЛІКТІ АУҚЫМДАҒЫ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫ ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ

2018-09-08 00:00:00 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Жоба

 

 

Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы»                       № 756 қаулысына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия отырысының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 3 хаттамасы негізінде, Павлодар қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Кәріз коллекторында орын алған апатқа байланысты Павлодар қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары А. Б. Балашов төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                                                                                              Ә. Күмпекеев

Прочитано: 504 раз