ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-09-17 09:34:33 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА АЛҒАШҚЫ КҮЗГІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Павлодарда санитарлық тазалық айлығы аясында өткізілетін сенбіліктер басталды. Ірі масштабтағы сенбіліктерге қалалық кәсіпорындар, жеке ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, қызмет көрсетуші ұйымдар және қала тұрғындары қатысатын болады.

Бір ай бойы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және мердігер ұйымдармен жиналған қоқысты қала сыртына шығаруға 100 бірлік арнайы автокөлік бөлінеді. Арнайы бөлінген автокөліктер Циалковский-Кіші айналма жол көшелерінің қиылысында тұратын болмақ.

- Бірінші кезекте біз көліктерді мектептер мен балабақшаларға беретін боламыз. Таңертеңнен бастап білім беру, қызмет көрсету ұйымдары және қалалық мемлекеттік мекемелерден өтініштер түсіп жатыр. Барлық түскен өтініштер қарастырылатын болады, - деп қалалық ТҮКШ бөлімінде мәлімдеді.

Қала көшелерін күтіп ұстау үшін мердігер ұйымдармен қала көшелерінде сенбілік кезінде жиналған қоқыстарды шығару үшін 4 бригада ұйымдастырылды.

Сенбідіктер кезінде полигонда тұрмыстық қалдықтарды қабылдау ақысыз негізде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ мердігер ұйымдар қала бойынша қоршауларды сырлау, аялдама павильондарын тазалау, шөп шабу, қураған ағаштарды кесу сынды жұмыстармен айналысатын болады.

Кварталішілік аумақтарға қызмет көрсетуші ұйымдардың өтініші бойынша тұрғын үйлердің алдын абаттандыру  үшін топырақ жеткізілетін болады.