ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-09-15 00:00:00 Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару Заңының 3 - бабы 10 - тармақшасына сәйкес, 2018  жылдың  27 қыркүйегінде сағат 15.00-де (Павлодар қ., Қайырбаев көш, 32, отырыс залында) VI сайланған Павлодар қалалық мәслихатының 41 кезекті сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру туралы

2. Қаланы абаттандыру мен көгалдандыру бойынша 2018 жылы бюджеттік бағдарламалардың орындалуы, жылу жүйесін пайдалану, ауылдық аймақтарда санитарлық нормаларды сақтау, транспорттық инфрақұрылымды дамыту, қала көшелерін жарықпен қамтамасыз ету  туралы.

3. Әлеуметтік-мәдени нысандар, тұрғын-үй қоры, жылумен жабдықтау ұйымы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандардың жылыту маусымына дайындығы туралы.

4. Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын орындау барысы туралы.

5. «Құрылыс және сәулет саласында және қала көркін сақтауда нормативтік – құқықтық актілердің заңдылықтарының  орындалуы туралы» сәулет және құрылыс  бөлімінің жұмысы туралы.

6. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» ММ-нде сыбайлас жемқорлықты азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

7. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі  «Павлодар қалалық участкілік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 257/34  шешіміне өзгеріс  енгізу туралы

8. Мәслихат сессиясының төрағасын тағайындау туралы.

 

Павлодар қалалық

мәслихат аппараты

Прочитано: 736 раз