ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-09-18 16:36:04 Қала жаңалықтары
ОНЛАЙН БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРІ ҮШІН

Павлодар қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің тұрғындарына ауладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен бірге бұзақылықты болдырмау және қылмыстық істерді уақытында ескертуге мүмкіндік туды. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері қызмет көрсетуші  ұйымдармен бірлесе отырып көпқабатты тұрғын үйлерге бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда 3981 бейнебақылау камералары 466 көппәтерлі тұрғын үйге орнатылды.

Бейнебақылау камераларын орнату және монтаждау жұмыстарымен 6 сервистік компания айналысуда. Мердігерлік ұйымдармен пәтер иелерінің мүдделерін ескере отырып, барлық қажетті заңнамалық талаптар сақталады.

- Орташа есеппен алғанда, бір көп қабатты тұрғын үйге 11 бейнебақылау камерасы орнатылады. Камералар кіреберіс және көше аймақтарына бағытталған. Сондай-ақ, балалар ойын алаңын және артқы ауланың алаңын қамтитын болады. Бейнебақылау камералары  тәулік бойы онлайн режимде жұмыс жасайтын болады. Үйдегі кез-келген адам ұялы телефонына қосымшаны орнату арқылы жазбаны көре алады, - дйді «Павлодар-Онлайн» ЖШС техникалық сұрақтар бойынша басшысы Хасан Мұхамеджанов.

Бүгінгі күні 5 полиция учаскесі 26 көппәтерлі тұрғын үйді онлайн режимде бақылай алады. Тәжірибе көрсеткендей, камераларды орнату жеке мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді және ішкі істер органдарының қызметкерлерінің қылмысты жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Прочитано: 644 раз