ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-09-21 18:29:41 Қала жаңалықтары
БОЛАШАҚ ФУТБОЛШЫЛАР ҮШІН ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ

Павлодар үшін жаңа спорттық нысандардың ашылуы жақсы дәстүрге айналды. Бүгін Б.Момышұлы атындағы № 22 мектептің базасында  жаңа спорт нысаныны ашылды. Аталмыш спорт алаңы барлық  заманауи талаптарға сәйкес келеді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов және қала әкімі Әнуар Күмпекеев қатысты.

- Сіздерді жаңа спорттық алаңның ашылуымен құттықтаймын және жаңа спорттық жетістіктер тілеймін. Енді жаңа алаңда тек мектептің оқушылары ғана емес, сондай-ақ барлық келушілерді де ойнай алады. Қаланың барлық мектептерінде оқушылардың спортпен шұғылдануына жақсы жағдай жасау үшін спорттық инфрақұрылым нысандарымен жабдықтау жоспарлануда, - дейді облыс әкімі Болат Бақауов.

Жаңа футбол алаңы жасанды төсемемен, стритбол және волейбол алаңдарымен, гимнастикалық кешендер, жүгіру жолдары, сондай-ақ ұзындыққа секіру жолдарымен жабдықталған: Спорт кешенінің аумағы толығымен қоршалған және жарықтандырылған.

Қазіргі заманауи спорт алаңдарының құрылысы арқасында мектеп оқушылары өздерінің спорттық дағдыларын дасмытуға және жаңа жеңістерге қол жеткізуге мүмкіндік алуда. Белгілі болғандай, аталмыш мектеп оқушылары ұлттық мектеп лигасының мүшелері болып табылады.

Прочитано: 1280 раз