ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

АРЫЗ ІШІНАРА ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

2018-01-11 01:44:23 ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ

Павлодар қалалық сотымен И-дің ЖК-ге қатысты арызы бойынша тұрмыстық мердігерлік келісімін бұзу, ақшалай қаражат пен моральдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

И. Аталған арызды беруін жауапкермен пластикалық терезелер орнату бойынша келісім жасап, 160 000 теңге көлемінде алдын-ала ақша төлегенімен ынталандырды. Келісім бойынша белгіленген мерзімде жауапкердің міндеттемелері орындалмады, жауапкерге бірнеше рет талаптар қойылды, бірақ ол жауап бермеді. Келісімді бұзуын, ЖК-ден алдын-ала төленген 160 000 теңге соммасын өндіріп алуды, сонымен қатар 500 000 теңге көлемінде моральдық зияның өтеуін сұрайды.

Сот отырысында жауапкер келісім шарттарын бұзғанын жоққа шығармады, міндеттемелердің орындалмауы оның кінәсі емес екенін айтты.

Сот шешімімен арыз ішінара қанағаттандырылды. Сот шешімі бойынша: пластикалық терезелерді орнату келісімі бұзылып, ЖК-ден 160 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат және 30 000 теңге көлемінде моральдық зиян өндіріп алынды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Прочитано: 736 раз