ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ СОТЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ ӨНДІРІП АЛУ ТУРАЛЫ АЗАМАТТЫҚ ІС ҚАРАЛДЫ.

2018-01-11 01:45:19 ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ

Павлодар қалалық сотымен "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ-ның азамат Б-ға қатысты әлеуметтік төлемдерді өндіріп алу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ-ның өкілі аталған арызбен өз талаптарын жауапкердің жұмысқа орналасу негізі бойынша жұмыссыз ретінде есептен шығарылуына қарамастан, жұмыстан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алғанымен ынталандырды. Негізсіз алынған жәрдемақы сомасы 117 223 теңгені құрады.

Сонымен бірге сот жауапкер жұмыссыз ретінде есептен шығарылғаны туралы хабарламағандығын анықтады. Бұдан басқа 2013 жылдың желтоқсан айында жауапкердің жұмысқа орналасу туралы ақпараты берілмеген, азаматтық іс жүргізу Кодексінің 65 бабының 3-бөліміне сәйкес істің мән-жайлары заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуы қажет, олар басқа дәлелдемелермен растала алмайды.

Сондай-ақ жауапкер әлеуметтік жәрдемақы алған мерзімде жұмыссыз ретінде есептен шығарылуға әрине тиіс еді, себебі 2013 жылдың 28 қаңтарынан "М" ЖШС-де жұмысқа орналасты.

Бұндай жағдайда сот 2013 жылдың 28 қаңтарынан бастап жұмысынан айрылуы бойынша жауапкер алған әлеуметтік жәрдемақыларды өнідіріліп алуға тиіс, себебі жауапкер нақты жұмыссыз мәртебесін жойылғанын біле отырып, негізсіз жәрдемақы алуды жалғастырған, осыған байланысты арыз ішінара қанағаттандырылды. Сот шешімі бойынша жауапкерден 34 733 теңге көлеміндегі ақшалай қаражат және 1042 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж өндіріліп алынды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Павлодар қаласының баспасөз қызметі.

Прочитано: 686 раз