ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-10-12 18:03:41 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДА ҚАЗА БОЛҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Павлодарда тұңғыш бітімгерлер саябағында тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстар нәтижесінде қаза тапқан батырлардың құрметіне орнатылған ескерткіштің салтанатты ашылуы болды.

Іс-шараға қала басшылығы, сарбаздар мен офицерлер, соғыс ардагерлері, қаза тапқан жауынгерлердің аналары қатысты.

Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Саян Мұқанов қатысып, ардагерлерді осынау айрықша шарамен құттықтады. Сонымен қатар,  қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысып  және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде қосқан үлестерін атап өтті.

Монументті  жергілікті мүсінші Игорь Исаков жасады. Ескерткіш биіктігі 3 метрлік қоладан құйылды.

Қазақстандық сарбаздарға құрмет көрсетіп, қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Дәстүр бойынша, жиналғандар қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Жиналған халықтың алдында сол соғыс қимылдарына қатысқан, ескерткішті құру және орнатуда ұйымдастырушылардың бірі, қазір ардагерлер қоғамдастығының төрағасы Генадий Козак сөз сөйледі.

- Біз осы іс-шараға төрт жылдай дайындалдық », - деді ардагерлер қоғамдастығының төрағасы Геннадий Козак. - Екі жыл бұрын бізге осы саябақта ескерткіш орнатуға ұсыныс жасалған болатын. Сол кезде біз алғашқы тас белгіні орнатқан болатынбыз, енді міне ескерткіш орнатылды.

1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында болған қақтығыстар нәтижесінде 17 қазақстандық жауынгер қаза тауып, 36 сарбаз жарақат алды. 1993 жылдан 2001 жылдар аралығында  тәжік-ауған шекарасындағы  соғыс қимылдарына 8,5 мыңнан астам қазақстандық жауынгерлер қатысты. Біздің бітімгерлер ТМД-ның оңтүстік шекараларын қорғауда берілген міндеттерін абыроймен орындады.

Прочитано: 1198 раз