ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2016 ЖЫЛҒЫ 24 АҚПАНДАҒЫ «АВТОТҰРАҚТАР (ПАРКИНГТЕР) САНАТТАРЫН БЕЛГІЛЕУ ЖӘНЕ АВТОТҰРАҚТАР (ПАРКИНГТЕР) ҮШІН БӨЛІНГЕН ЖЕРЛЕРГЕ БАЗАЛЫҚ САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫН ҰЛҒАЙТУ ТУРАЛЫ» № 233/32 ШЕШІМІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

2018-10-20 00:00:00 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Павлодар қалалық

мәслихаты шешімінің

ЖОБАСЫ

 

Павлодар қалалық мәслихатының

2016 жылғы 24 ақпандағы

«Автотұрақтар (паркингтер)

санаттарын белгілеу және

автотұрақтар (паркингтер) үшін

бөлінген жерлерге базалық салық

ставкаларын ұлғайту туралы»

233/32 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1-тармағы 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы «Автотұрақтар паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы» № 233/32 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3745 нөмірімен тіркелді, 2014 жылғы 4 сәуірдегі «Шаһар» газеті № 13 және 2014 жылғы 7 сәуірдегі «Версия» газеті № 13 жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 3-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                        К. Кожин

Қалалық мәслихаттың хатшысы                           З. Мұқашева