ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2014 ЖЫЛҒЫ 3 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ «ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРЛЕРІНЕ ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ СТАВКАЛАРЫНА ТҮЗЕТУ КОЭФФИЦЕНТТЕРІ МЕН АЙМАҚТАРҒА БӨЛУ СҰЛБАСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» № 338/46 ШЕШІМІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

2018-10-20 00:00:00 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Павлодар қалалық

мәслихаты шешімінің

ЖОБАСЫ

 

Павлодар қалалық мәслихатының

2014 жылғы 3 желтоқсандағы

«Павлодар қаласының

жерлеріне жер салығының

базалық ставкаларына түзету

коэффиценттері мен аймақтарға

бөлу сұлбасын бекіту туралы»

338/46 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 510-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1-тармағы 15)-тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 желтоқсандағы «Павлодар қаласының жерлеріне жер салығының базалық ставкаларына түзету

коэффиценттері мен аймақтарға бөлу сұлбасын бекіту туралы» № 338/46 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4224 нөмірімен тіркелді, 2015 жылғы 12 қаңтардағы «Версия» газеті № 1 жарияланды) өзгеріс енгізу туралы» № 41/5 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 510-бабына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ

1. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                         К. Кожин

Қалалық мәслихаттың хатшысы                              З. Мұқашева

Прочитано: 570 раз