ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-10-23 11:10:06 Спорт
ПАВЛОДАРДА ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Оқу жылының басынан бастап облыс орталығында мектеп оқушылары үшін екінші толыққанды футбол алаңы ашылды. Заманауи спорт алаңы № 43 мектептің базасында ашылды. Аталмыш нысанның ашылуы оқушыларға ғана емес, сондай-ақ балалармен осы алаңда  спортпен айналысуға мүмкіндік алған  бүкіл шағын аудан тұрғындарына да маңызды оқиға болды.

Спорт алаңының ашылу салтанатына  педагогикалық еңбек ардагерлері, «Марафон» спорт клубының жаттықтырушылары, қамқоршылық кеңесінің өкілдері және  шағын ауданның трғындары келді.

- Бүгінде біздің балаларымыз үшін барлық жағдайлар жасалып жатқанына қуаныштымыз. Қазіргі таңда өскелең ұрпақтың кәсіби спортпен шұғылдануға толықтай мүмкіндігі бар. Соңғы жылдары спортты дамытуға көп көңіл бөлінді, бұл өте жақсы үрдіс, - дейді спорт ардагері Виктор Бондар.

Көптеген жылдар бойы №43 мектептің оқушылары қалалық қысқы және жазғы спорт түрлері, волейбол, баскетбол және жеңіл атлетика ойындарда жүлделі тұғырлардан көрінуде. Көпшілігі  қазақстандық спорт түрлерінің мақтанышы болды: биатлон спортынан Дарья Усанова, Евгений Мясоедов, офицер триатлоны - Анастасия Усанова, жеңіл атлетика - Ольга Богомольская, Александр Сидоров, Милана Семенова, Николай Болибок.

Прочитано: 321 раз