ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

ПАВЛОДАРДА СУДЬЯЛАР МЕН ҒАЛЫМДАРМЕН ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУІН ТАЛҚЫЛАДЫ

2018-01-11 01:47:00 ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ

Павлодар қалалық сотында Тіл күнін атап кету алдында Мемлекет басшысының «Қоғамдық сананы жаңғырту: Болашаққа бағдар» бағдарламасын жетілдіру шегінде «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшу негіздері» тақырыбына «Дөңгелек үстел» жүргізілді.

Ұйымдастырушылар: Павлодар облыстық Судьялар Одағының филиалы мен Павлодар қалалық соты.

Шақырылғандардың ішінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің филология ғылым докторы, профессор А.Тұрышев және А.Зейнулина, Қазақстан Республикасының жазушылар Одағы Павлодар филиалының директоры, «Ертіс дидары» облыстық газетінің редакторы А.Қани, Павлодар қаласы Мәдениет және тілді дамыту секторының, Павлодар қалалық прокуратурасының, судьялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Павлодар қалалық сотының төрағасы Талғат Тағажай іс шараны ашып, тіл әр елдін, әр ұлттың біріктіруінің бас бастапқысы болып. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – бұл елдін рухани – жаңғыртуында жетілдіруіне тарихи кезең екенін атап өтті.

ПФ Судьялар Одағының төрағасы Нұролла Есенжолов өзінің баяндамасында латын әліпбиіне көшуі болашақ ұрпақ үшін маңызды екеніне ерекше көңіл аударды.

Екпінді талқылау барысында, пікір таласқа қатысушылар жаңа әліпби жаңа мүмкіндіктер ашатының, сонымен қоса бұл заманауи технологиялық ортаның әмірі деген пікірге келді.

Қатысушылар «Бастысы латын әліпбиіне көшу барысында қазақ тілінің тазалығын сақтап қалу қажет»- деп санайды

Филология ғылым докторы, профессор А.Тұрышев латын кестесіне көшуінде маңызды лингвистикалық аспектілерінің бар екенін белгіледі.

Филология ғылым докторы А.Зейнулина түрктік, әзербайджан, өзбек тілдерінің латындану мысалдарын келтіріп және сол елдерде жағымды өзгерістерінін бой алуын атап өтті.

ПФ Жазушылар Одағының директоры әліпбиді реформалау барысында әлемдік тәжірибесін зерделеуі маңызды екеніне көңіл бөлді.

Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесі бойынша ұсыныстар жасалды.

 

Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі.

Прочитано: 905 раз