ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-10-25 12:31:33 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ЖИЫНДАР ӨТКІЗІЛДІ

Облыс орталығында Елбасы Жолдауын түсіндіру бойынша 10 ақпараттық топ құрылып, қала кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарына, сондай-ақ Павлодар қаласының ауылдық аймақтарында түсіндіру жиындары өткізілді. Аталмыш жұмыстар Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге бағытталды.

Ақпараттық топтардың құрамына мемлекеттік органдардың, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен банк құрылымдарының өкілдері кірді.