ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-10-29 16:27:23 Спорт
СПОРТТЫҚ РУХ ЖӘНЕ ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ТАЛПЫНЫС

Павлодар қаласының маңындағы Кенжекөл ауылында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында ашық біріншілік  өтті. Ең үздік спортшы атағын қорғауға және жоғары нәтижелер көрсетуге барлық өңірден ең мықты деген спортшылары келді. Жарысқа  2003-2005, 2006-2008 жылдары туған жүз шақты жасөспірім қатысты.

Іс-шараға ауыл тұрғындары, құрметті қонақтар және құрметті спорт ардагерлері қатысты. Шараны Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі  ауылдың басшылығымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Спорттық іс-шара жас спортшыларға  жеңіске жетуге деген  ерік-жігер танытуға және нақты спорттық рухты көрсетуге мүмкндік берді.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Прочитано: 286 раз