ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-10-31 15:29:57 Мәдениет
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА 31 ҚАЗАН ЖӘНЕ 4 ҚАРАША КҮНДЕРІ АРАЛЫҒЫНДА ЖОСПАРЛАНҒАН МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР

31 қазан, 1, 2 қараша күндері сағат 11.00-де Қ. Әбусейітов атындағы МСО оқушыларға мультфильмдер көрсетілімі өтеді.

31 қазан күні сағат 11.00-де Естай атындағы мәдениет сарайында ҚР әскер қатарына шақырылғандарды шығарып салу салтанатты шарасы өтеді.

1 қараша күні сағат 11.00-де Қ. Әбусейітов атындағы МСО қалалық мәдени-сауық орталығының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Алтын күз» концерттік бағдарламасы өтеді.

2 қараша күні сағат 19.00-де Естай атындағы мәдениет сарайында Нұрболат Абдулиннің шғармашылық кеші өтеді.

4 қараша күні сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін Қ. Әбусейітов атындағы МСО спорт биі бойынша Павлодар облысының ашық чемпионаты өтеді.

Прочитано: 267 раз