ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-11-01 09:54:06 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ЖЫЛ БАСЫНАН БАСТАП БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ АРҚЫЛЫ 1378 АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Оқу орындарының түлектері, жастар және жұмыссыз азаматтар бұлар жұмысқа мұқтаж адамдардың санаты. Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрақты негізде бос орындар жәрмеңкесін өткізеді, оның негізгі мақсаты - жұмыспен қамту. Сонымен, облыс орталығында үстіміздегі жылдың басынан бері жеті бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп,  2000-нан астам адам қатысқан.

Жәрмеңкеде үш жүзге жуық жұмыс беруші түрлі мамандықтардың бос орындарын ұсынады. Жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуға және ең қажетті мамандықтармен танысуға мүмкіндік алады.

39 жастағы Константин Фисенконың мамандығы желдеткіш жүйесінің инженері. Ол жұмыспен қамту орталығы арқылы арнайы тегін курстан өтіп, қазіргі уақытта жұмыс берушімен еңбек шартын жасауға дайын.

- Мен мұнда өзіме ұнайтын, лайықты жұмыс іздеп келдім. Таңдау өте үлкен, тек еңбек ақысымен келісу ғана қалды. Ойымша іздеген жұмысымды тапқан сияқтымын, - дейді Константин Фисенко.

Тәжірибе көрсеткендей, бос орындар жәрмеңкесі халықты жұмысқа орналастыру үшін жақсы алаңға айналып үлгерді. Аталмыш жоба қызығушылық танытқан жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты кеңес беру, жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағыт-бағдар беру және оқыту, жұмыссыз азаматтарды қолдау мәселелеріне назар аударуға көмектеседі.

Прочитано: 160 раз