ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-11-01 10:05:25 Қала жаңалықтары
БІР ТЕРЕЗЕ ПРИНЦИПІ БОЙЫНША

Павлодарлық кәсіпкерлер үшін кеңес алу, қызметті пайдалану және келісімшарт жасау қарапайым жағдайға айналды. Әр апта сайын мемлекеттік органдардың өкілдері, монополистер және банк қызметкерлері орта және шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің күрделі мәселелерін шешуге көмектеседі. «ДАМУ кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік филиалы Павлодар қаласының әкімдігімен бірлесе отырып  тұрақты негізде Ашық есік күндерін өткізеді.

- Ашық есік күндері әр сәрсенбі сайын сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін Короленко көшесі, 109 мекен-жайы бойынша орналасқан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының базасында өтеді. Орталыққа барлық ірі аймақтық монополистер мен мемлекеттік мекемелер шақырылады. Олар кеңестер беріп, болашақта өтініштерді қабылдай алады, тіркеуден өткізеді және оларды толығымен қадағалайтын болады, - дейді қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Арман Асипов.

Аталмыш жобаның негізгі мақсаты кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасау. «Павлодар жылу желілері» АҚ, «Павлодар-Водоканал» ЖШС, «ПРЭК» АҚ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Атамекен» ғылыми-өндірістік кәсіпорны және екінші деңгейлі банктердің өкілдері кәсіпкерлерді қызықтырған мәселелер бойынша кеңестер бермек. Сонымен қатар,  мемлекеттік мекемелердің өкілдері: жер қатынастары бөлімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, сондай-ақ сәулет және қала құрылысы бөлімі.

Прочитано: 150 раз