ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-11-01 10:17:12 Спорт
ПАВЛОДАРДА АҒЫМДДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ӨҢІРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН БАССЕЙНДІ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

Жақында біздің қаламыздың картасында жаңа заманауи нысан пайда болды. Ерекше сәулетімен көз тартар  өңірдегі ең ірі 50 метрлік бассейн спорт ғимараты усолка шағын ауданында бой көтеруде. Жаңа спорт орталығы биылғы қыс мезгілінде жұмысын бастамақ.

Жабық жүзу бассейнінің көлемі 50х25 метрді құрайды. Жүзуге 8 стандартты жүзу жолағы қарастырылған. Бассейн бір аусымда шамамен 120 адамды қабылдай алады. Спорттық ғимарат бірнеше блоктан тұрады, бассейн, жұмыс және байланыс үшін барлық қажетті орындар үйлестірілген. Киім ауыстыру, душ, массаж, жиналыс залы, дәрігерлік кеңсе, төреші мен жаттықтырушыларға арналған бөлмелерден тұрады. Сондай-ақ, 300 адамға арналған орындық және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көтерме лифт орнатылмақ.

Спорт орталығында оқу-жаттығу, дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарын өткізу, сондай-ақ су добынан жергілікті және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізу жоспарлануда. Бассейн ең соңғы заманауи технологиямен жабдықталған және талаптарға толығымен сәйкес келеді.

Жаңа спорт кешені тек қаланың ғана емес, барлық өңір тұрғындары үшін спорттық өмірдің орталығына айналады деп үміттенеміз.

Прочитано: 221 раз