ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-11-01 17:12:19 Қала жаңалықтары
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ПАВЛОДАРДА 600-ДЕН АСА БИЗНЕС-ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Павлодарда «Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру сәтті жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі басымдылығы шағын және орта бизнесті қолдау болып табылады. Бүгінгі күні облыс орталығында 72 млрд. теңгеден астам сомаға 600-ден астам жоба тіркелген. Мәселен, «Игілік» балаларды оқыту-дамысту орталығы ЖШС басшылығы жекеменшік балабақша ашу үшін мемлекет тарапынан көмекқаржы  алды.

- Біздің «Балабақша ашу» бизнес-жобамыз 2015 жылдан бері жүзеге асырылуда. Шамамен жаңа 30 жұмыс орны ашылды. Балабақшаны ашуға, кейін оны дамытып, кеңейту үшін біз екі мәрте  несие алдық. Алдымен біз ғимаратты жалға алып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіздік, жабдықтар мен жиһаздарды орнаттық. Бүгінде біздің балабақшада әр топта 25 баладан 9 топ бар. 1,5 жастан 3 жасқа дейінгі балалар. Балаларды дамытумен қатар, біздің мекемеде тұз шахтасы бар, - дейді «Игілік» балабақшасының әдіскері Салтанат Сексенова.

Жеңілдетілген несиенің тағы бір жарқын мысалы  - бұл «Гладиаторлар» жаттығу залы. «ДМА» ЖК бизнес-жоспары мақұлданғаннан кейін, ең төменгі 7% -дық несие алды. Бағдарламаға қатысу бизнесті бастауға және он жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Клубта барлық заманауи тренажерлар бар және  тәжірибелі нұсқаушылар жұмыс істейді, - дейді қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Арман Асипов.

Тәжірибе көрсеткендей «Жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы 8 жылдың ішінде, әрбір бастаушы кәсіпкер өзінің бизнес-бастамалары үшін мүмкіндіктер мен қолдау тапты.

Прочитано: 249 раз