ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-11-02 10:03:49 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА АМЕРИКАНДЫҚ ФОРМАТ БОЙЫНША ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША ПІКІР-САЙЫС ӨТТІ

Павлодарлық жастар мемлкетттік қызметшілермен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбы бойынша пікір-сайысқа белсенді қатысты. Пікір-сайыс американдық парламенттік формат бойынша өтті. Туринирдың тақырыбы «Қазақстан бүгін және болашақта: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктері».

Қатысушылар жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы кейстер құрды, сыбайлас жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды анықтаудың маңыздылығы туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау жөніндегі уәкілетті органның рөлі туралы пікір алмасты.

Аталмыш турнирге қатысудың арқасында мемлекеттік қызметшілер мен студенттер стандартты емес жағдайларда жедел әрекет ету, өз позициясын қорғау қабілетін көрсете білді, сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын білдірді.

Прочитано: 332 раз