ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-11-05 17:43:03 Спорт
ПАВЛОДАРДА 6 СПОРТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ

Облыс орталығында көпфункционалды хоккей корты және «Street Workout» спорт алаңдарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Торайғыров көшесі 6 және 44/1 мекен-жайлары бойынша орналасақан тұрғын үйлердің аулаларында жасанды жабындысыз футбол алаңы, сондай-ақ ағаш тақталармен қоршалған  мен хоккей және баскетбол алаңдары орналасқан. Тұрғындардың және ПИК-нің көптеген сұрауларына сәйкес, аталмыш алаңдардың спорт құрылымдарын ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

- Ағымдағы жылы жасанды шөп жабындысымен 2 көпфункционалды хоккей корты орнатылды. Жұмыстарды «Almaty HT construction» ЖШС мердіргер ұйымы жүргізді, - деп «Ертіс» СК МКҚМ басшысы Берік Байжанов мәлімдеді.

- Сондай-ақ қалада 1 Май 284, Геринга, 78, Майра, 43 және Генерал Дүйсенов, 105 мекен-жайлары бойынша төрт стрит-воркаут спорттық нысандары ашылды. Әрине, бұл үрдістің негізгі артықшылықтарының бірі барлық ниет білдіруші тұрғындар воркаут алаңдарында тегін спортпен шұғылдана алады. Олардың барлығы бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындардың денсаулығын жақсартуға қызмет етпек, - деді Берік Байжанов.

Еске салайық, бүгінгі таңда  Павлодарда 7 көпфункционалды және 8 инклюзивті спорт алаңдары жұмыс жасайды.

Прочитано: 201 раз