ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-11-07 09:14:21 Қала жаңалықтары
ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Павлодарда «Қыс – 2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізілді. Облыс орталығында автокөлік жолдарында  қолайсыз ауа райы туындаған жағдайларда адамдарды құтқару бойынша жедел-құтқару жаттығулары көрсетілді.

Аталмыш жаттығулардың басты мақсаты – бұл барлық Азаматтық қорғау қызметтерінің қыс мезгілінде орын алған төтенше жағдайлар бойынша халықты дер кезінде құлақтандыру, алдын алу және жоюға жедел түрде дайындығын тексеру.

Сценарий бойынша оқиға қала сыртында, Павлодар-Успенка тас жолының Мойылды ауылының маңында мұз қатқан жерде орын алады. 5 шақырым бойы шанақтар мен жүктердің үлкен габариттері бар автокөлік құралдарының жүру бөлігінен (автобустар, үлкен жүк көліктері) сырғуға және түсудің тұрақты үрдісі байқалады. Тәжірибелік арнайы-тактикалық оқу-жаттығуға 14 бірлік техника мен 47 адам жұмылдырылды.

Оқу-жаттығуды ұйымдастырушылар құтқару бөлімшелерінің іс-әрекетінің нақты жағдайларына барынша жақындатуға тырысты.

Оқу-жаттығуларға Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасақтары, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, Апаттар медицина орталығы, Павлодар облысының ішкі істер департаменті, Азаматтық қорғау қызметі, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды.

Сонымен қатар, РКШОЖ өткізу шеңберінде РФ шекаралас аймақтарымен (Омбы және Новосібір облыстары, Алтай өлкесі) скайп арқылы ақпаратты жедел кезекшілер арқылы беру ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығудың басшысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі А. Темірбаев қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою үшін барлық қызметтердің күштері мен құралдарының дайындығы мен іс-қимылдарының үйлесімділігін атап өтті.