ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

ӘРЕКЕТСІЗ САЛЫҚТӨЛЕУШІЛЕРДІ ТАНУЫ

2018-11-07 11:05:27 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ

Салық органдары әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімін жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей бекітеді және ақпаратты уәкілетті органның сайтына орналастырады.

Әрекетсіз салық төлеушілерге әрекетсіз заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жатады.

Осы Кодексте белгіленген тапсыру мерзімдерінен кейін  күнтізбелік бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы бойынша, ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық және жеңілдетілген декларация бойынша декларацияны тапсырмаған, көрсетілген декларацияны тапсыру бойынша талаптар қолданылмайтын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекетсіз заңды тұлға болып танылады.

Осы Кодексте белгіленген тапсыру мерзімдерінен кейін бір жыл өткен соң  жеке табыс салығы бойынша, ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық және жеңілдетілген декларация бойынша декларация немесе соңғы патенттің қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін тапсырмаған дара кәсіпкер әрекетсіз дара кәсіпкер болып танылады.

Салық төлеушіні әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару:

1) салық төлеуші салық есептілігін табыс ету бойынша салықтық  міндеттемесін орындағаннан;

2) салық төлеушіге салық есептілігін осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етпегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылған айыппұлдар төленгеннен кейін жүргізіледі.

Осы көзделген шарттар сақталған соң қабылданған салық органының тиісті бұйрығының күні салық төлеушілерді әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару күні болып табылады.

Салық төлеушілері әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару туралы ақпарат, шығару күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.

Павлодар бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында бүгінге дейін 2368 әрекетсіз салық төлеушілерден заңды тұлғалардың саны 1049,жеке кәсіпкерлердің саны 1319.

Әрекетсіз салық төлеушілердің тізімі интернет қордағы ресми сайтта http://kgd.gov.kz/ru бекітілген.

Прочитано: 465 раз