ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-11-08 11:05:47 Қала жаңалықтары
ҚАЗАҚ АҚЫНЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Павлодар қаласының Ленин кентінде  атақты жерлес ақын Жаяу Мұса Байжанұлын еске алуға арналған іс-шара өтті. Шараға үздік деген жас жазушылар халық композиторының шығармашылығын насихаттау үшін жиналды.

Байқауға Ленин кентінің үш орта мектебінің оқушылары қатысты. Балалардың өнерін Жаяу Мұса Байжанұлының ұрпағы Темірхан Дурмановтың қатысуымен қазылар алқасы бағалады. Оның айтуынша, мұндай байқаулар жас ұрпақты тәрбиелеу үшін өте маңызды.

- Оқушылар ерте жастан осындай туындыларды жаттап өссе, оларда тіл білімі мен патриотизмге қатысты ешқандай мәселе туындамайды. Қазіргі біздің заманымызға осындай өлеңдер қажет, - дейді Темірхан Дурманов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, халық музыкасын қалыптастыру мен дамытуда Жаяу Мұсаның шығармашылығы өте маңызға ие. Аталмыш байқаулар талантты және дарынды балаларды анықтауға, сонымен қатар дарынды балалардың өз-өздерін шығармашылық дамытуға мүмкіндік береді.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Прочитано: 199 раз