ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ БІРЫҢҒАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУДІ БІРЫҢҒАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ОРЫНДАЛАТЫН БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖӘНЕ ТАУАРЛАРДЫ, ЖҰМЫСТАРДЫ, ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЙҚЫНДАУ ТУРАЛЫ

2018-11-10 00:00:00 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Павлодар қаласы әкімдігі

қаулысының жобасы

 

Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Тапсырыс берушілерге Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып Павлодар қаласы әкімдігінің «Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі айқындалсын.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі бойынша бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар мен жұмыстар, қызметтер айқындалсын. 

3. Күші жойылды деп танылсын:

Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы» № 176/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4992 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 наурыздағы «Регион.kz» газетінде жарияланған);

Павлодар қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы «Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы» № 176/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 146/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5369 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 ақпандағы «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа Самалы» газеттерінде жарияланған).

4. Павлодар қаласы әкімдігінің «Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары  А. У. Бейсекинге жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Павлодар қаласының әкімі                                        Ә. Күмпекеев

 

Павлодар қаласы әкімдігінің

2018 жылғы ______  __________

№ ___ қаулысына

қосымша

 

 

 Мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастыру  мен  жүргізу  бірыңғай  ұйымдастырушылармен орындалатын бюджеттік бағдарламалар мен тауарлар, жұмыстар

Атауы

1.

Техникалық-экономикалық  негіздеме  жүргізуге  жұмыстарды мемлекеттік  сатып алу.  Жобалау-сметалық  құжаттама  әзірлеу.

2.

Мемлекеттік сатып алулар, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тәсілдермен конкурс (аукцион), егер лот сомасы (жоспар тармағы), бөлінген сатып алудан асатын жеті мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жүз мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен тиісті қаржы жылына белгіленген

3.

Мемлекеттік сатып алулар, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тәсілдермен конкурсты (аукцион) көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыратын қалалық атқарушы органдар