ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰҚТАЖЫ ҮШІН ЖЕР ТЕЛІМІН АЛЫП ҚОЮҒА БАЙЛАНЫСТЫ МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУДЫ БАСТАУ ТУРАЛЫ

2018-01-11 02:02:31 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Жер Кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 маусымдағы «Павлодар облысы Павлодар қаласының Бас жоспары туралы» № 485қаулысы, Павлодар қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі «Павлодар қаласындағы «Алюминстрой» ауданының бөлшектеп жобалау жоспарын бекіту туралы» № 2232/27 қаулысынегізінде, «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында, Павлодар қаласының әкімдігі Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес, жер телімдерін мемлекеттік мұқтажы үшінмәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 3 (үш) ай ішінде мәжбүрлеп иеліктен шығару күні бастау күні болып белгіленсін.

3. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне: Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25 үй, 207 кабинет мекенжайы бойынша хабарлассын.

4. «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіптеосықаулышыққануақыттанбастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қаулының ресми жариялануын қамтамасыз етсін және оның орындалуы бойынша қажетті басқа да шараларды қабылдасын.

5. «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі»мемлекеттік мекемесі барлық уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүлік құнына тәуелсіз бағалау жүргізілуін ұйымдастыруды және мүлікті сатып алуға арналған мемлекет шығыстарын қаржыландыру тәртібін айқындауды және мүлікке меншік құқығының өтуіне байланысты өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Б. Балашовқа жүктелсін.

 

Павлодарқаласының әкімі Н. Әшімбетов