ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-11-20 13:44:58 Қала жаңалықтары
БЕЙБЕРЕКЕТ САУДА ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР

Павлодар қалалық қоғамдық денсаулық сақтаау басқармасының мамандары көше тауарларын  сатушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның аясында бейберекет сауда туралы толық ақпарат жазылған буклеттер таратылды.

Күн сайын ірі сауда орталықтарының аумағында үйде дайындалған өнімдерді: сүт, жұмыртқа, ет және басқа да өнімдерді сататын адамдарды кездестіруге болады.

Бірақ ауыл өнімдері тек дәмді ғана емес, сондай-ақ сау екеніне қалай сенімді болуға болады? Өйткені, базар сыртында сатылатын жұмыртқа мен сүт ветеринарлық және санитарлық бақылаудан өткен жоқ. Демек, туберкулез, энцефалит, дизентерия және сальмонеллез сияқты әртүрлі аурулардың берілу факторлары болуы мүмкін. Оның үстіне, табиғи сияқты маркалы жұмыртқа мен сүтті  дүкеннен де сатып алуға болады. Сондықтан мұндай үйде дайындалған өнімдерді тұрғындар қауіпке басын тіге отырып сатып алады.

Ет-сүт өнімдерін сату үшін ветеринариялық қызмет аула мен жануарды тексеру керек. Жабық павильондар мен тоңазытқыштары болуы шарт. Сатушыда санитарлық кітапша және таза арнайы киім болуы тиіс, ыдыс шыны немесе эмальданған болуы тиіс.

Павлодар қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары санитарлық нормалардың талаптарын бұза отырып, құжаттарсыз сауда азық-түліктің сапасына және оның қауіпсіздігіне кепілдік бермейтінін ескертеді.

Прочитано: 675 раз