ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА 2017 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН, АТА-АНАНЫҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫНЫҢ МӨЛШЕРІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

2018-01-11 02:02:50 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар каласында 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Павлодар қаласының әкімі Н. Әшімбетов