ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-11-27 15:41:18 Спорт
ПАВЛОДАРДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА СПОРТ АЛАҢДАРЫ АШЫЛДЫ

«Samruk-Kazyna-Trust» АҚ демеушілік есебінен орнатылған  жаңа спорт нысандары қала тұрғындарына ерекше сыйлық болды. Астана көш., 10, Қамзин көш., 68, Естай көш., 146 мекенжайлары бойынша орналасқан тұрғын үйлердің аулаларындағы ескі хоккей корттары мен футбол алаңдарының орындарында жаңа инклюзивті алаңдар пайда болды.

- Спорттық кешендердің құрамына пластик жақтаулармен қоршалған және жасанды шөп төсемесі төселген көлемі 40*20 хоккей корттары, балалар ойын алаңдары, стрит-воркаут алаңдары және күш тренажерлары кіреді, - деп мәлімдеді Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Күмісай Асайнова.

Әрбір кешен ерекше қабілеті бар балаларға ойын алаңында жайлы тұруға мүмкіндік беретін инклюзивті элементтерді қамтиды. Барлық алаңдар қаланың тығыз қоныстанған аудандарында орнатылған және балалар мен ересектер арасында да үлкен сұранысқа ие.

Прочитано: 2664 раз