ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ЖАРИЯ ЕТУ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ХАТТАМАСЫ

2018-01-11 02:04:55 ЗАҢДАСТЫРУ

Павлодар қ.                                                                                2016 жылғы 15 ақпан

Кәсіпкерлер палатасы                                                               сағат 15-00

Ломов көшесі, 21

Конференц-зал

 

Төраға етуші: Облыс кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары С.Б. Байсейітов

 

Қатысушы: Павлодар қаласы бойынша Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ж.А. Исақова, Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Қ. Жұмажанов, Павлодар облысы мемлекеттік кірістер комитеті департаментінің түсіндірме жұмысы бойынша басқармасының бас маманы Ж.М. Әкіжаев, кәсіпкерлер, екінші деңгейдегі банк өкілдері, «Қазпошта» АҚ.

 

Күн тәртібі:

Мүлікті жария ету:

Ұлттық заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты 2014 жылы мемлекет бастаған мүлікті жария ету бойынша акция қазіргі уақытта 2016 жылдың аяғына дейін ұзартылған. Жария ету азаматтар мен мемлекет үшін де өзара пайдалы: бірінші жағынан жеке тұлғалар бар мүлікті заңды айналымға қосу мүмкіндігіне ие, ал ел экономикасына жария етілген капитал мен мүлік ретінде қосымша қаражат тартылады. Акция Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлікті, сондай-ақ өзге тұлғаға жарияланған мүлікті жария етуге мүмкіндік береді.

Күн тәртібіне сәйкес Павлодар қаласы мүлікті жария ету бойынша хатшы Жанна Асқарқызы Исақова ақпарат етеді.

 

 Павлодар облысы мемлекеттік кірістер комитеті департаментінің түсіндірме жұмысы бойынша басқармасының бас маманы  Жұмагелді Мұрсәлімұлы Әкіжаеваға сөз беріледі. Ол жәрия ету мәселесі бойынша баяндайды.       

 

            Күн тәртібі қаралып болды. Барлығыңызға қатысқаны үшін рахмет.

 

            Хаттама жүргізген  С.М. Әбілтаев