ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ МҮЛІГІНІҢ ЗАҢДАСТЫРУЫН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2018-01-11 02:06:17 ЗАҢДАСТЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы            № 959 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша Павлодар қаласы әкімдігінің жанында комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылған.

Комиссия құрамы мен қағидасы қала әкімінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 1-451ө өкімімен бекітілді.

Аталған мемлекеттік бір жолғы акцияны іске асыру мақсатында жұмыс органы мынадай іс-шараларды жүзеге асырды.

Павлодар қаласы, Кривенко 25 мекенжайындағы 223 кабинетте өтініш етушілерге алғаш түсіні беру және халыққа консультация беру, өтінішті және оған қатысты құжаттар пакетін ресімдеуіне жәрдемдесу, сол кабинетте мүлікті заңдастыруға өтініштер қабылдап, тіркеуін жүзеге асыру.

2014 жылғы қыркүйектің 1-нен 2016 жылғы шілдеден 12 дейін, мүлікті жария ету бойынша комиссияның 97 отырысы өтті.

Көрсетілген мерзім ішінде комиссияға 3,6 млрд.теңгені құрайтын 1865 объектіге заңдастыру жүргізу бойынша 867 өтініш  келіп түст, оның ішіндеі:

Тұрғын үй объектісі – 385, 1,2 млрд.теңге сомасында;

коммерциялық объект – 324,  1,7 млрд.теңге сомасында;

тұрғын үй емес ЖТҚ объектісі – 1156, 0,7 млрд.теңге сомасында.

Комиссия жалпы сомасы 3,6 млрд.тенге, 1797 заңдастыру жөнінде 841 өтініш қарады.

Жалпы сомасы 3,1  млрд.теңгені құрайтын 718 өтініш бойынша 1552 объектінің заңдастырылуы туралы шешім қабылданды, оның ішінде:

Тұрғын үй емес объект – 1,1 млрд.теңгенің 314-і;

Коммерциялық объект –1,4 млрд.теңгенің 239-і;

тұрғын үй емес ЖТҚ 999 объектісі – 0,6 млрд.теңгенің.

жалпы сомасы 0,6 млрд. теңгенің 245 объектінің 123 өтініші қаралды, оның ішінде:

тұрғын үй объектілер – 54, сомасы 130,4 млн.теңге;

Коммерциялық объектілер – 76, сомасы 337,0 млн.теңге;

тұрғын үй емес ЖТҚ объектісі – 115, сомасы 48,0 млн.теңге.

Рұқсат берілмегеннің негізгі себептері:

- жасалынған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және құқықтық жазалардың бар болуы;

- объектінің алған жер телімін мақсатқа сәйкес келмейтіні;

- жер теліміне меншік құқығының болмауы.

26өтініш дайындалу кезеңінде және комиссияның қарауында, яғни олар жөнінде  құзіретті мемлекеттік органдарына мүліктің иесін белгілеу,  оларды кінәлі дем тану, әкімшілік бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза туралы сот қаулысы шешімдерінің заң күшіне енуімен шектеулердің бар-жоғы туралы сұратулар жіберілді.

Аталған өтініштер сұртауларға жауап келгеннен кейін комиссия қарауына енгізіледі.