ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-12-29 09:14:38 Спорт
МҰЗ ҮСТІНДЕГІ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕ

Гагарин саябағындағы қаланың ең үлкен мұз айдынында қала тұрғындары арасында спорт жарысы өткізілді.

«Жаңа жыл алдындағы FLEX» атауымен өткізілген шара Павлодарда тұңғыш рет ұйымдастырылды. Қысқы спортты ұнататын жандар үшін конькимен «Із қуалау» жарыстың негізгі себебі болды. Мерекелік шараға Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевте қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша облыс орталығының басшысы ең үздік өнер көрсеткен қатысушыларды құттықтап, сыйлықтар мен медальдар табыс етті. Сондай-ақ, жаңа жыл қарсаңында Әнуар Күмпекеев 2018 жылы жоғары нәтижелер көрсеткен үздік спортшыларды марапаттады.

- Барлықтарыңызды келер Жаңа жылмен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық және жаңа жеңістер тілеймін, - деп қала әкімі атап өтті.

2019 жылдың қарсаңында Павлодар ерекеше әдемі күйге енді. Осы жылғы қыста Гагарин саябағын алғаш рет қала тұрғындарының қысқы демалысы үшін абаттандырды. Дәл ортада 20 метрлік шырша орнатылған үлкен мұз айдыны павлодарлықтар үшін сүйікті орынға айналды. Усолка шағын ауданында да мұз қалашығы салынып, биік шырша орнатылды. Қала тұрғындарының қыс мезгілін көңілді өткізулері үшін қалада 27 мұз айдыны және 7 сырғанақ жұмыс жасайды. Мәдениет және демалыс саябағындағы, сондай-ақ, жағажайдғыа жаяу жүргінші жолдарына арнайы мұз құйылды. Бұл саябақты конькимен аралауға мүмкіндік бермек.

Прочитано: 2365 раз