ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

НҮКЕНОВ ҚАЙРАТ ТЕМІРШОТҰЛЫ – ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

2018-01-05 23:43:22 Қала басшылары

1970 жылы  Павлодар облысы Железин ауданы  Захаровка ауылында дүниеге келген. Омбы қаласындағы «Экономика және кәсіпорындағы басшылық» мамандығы бойынша (2002) Сібір мемлекеттік автокөлік-жол академиясын, «Жеміс-көкөніс шаруашылығы және жүзім өсіру» мамандығы бойынша (2014) П. А. Столыпин  атындағы  Омбы  мемлекеттік аграрлық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1987 жылы «Железинский» кеңшарының № 2 бөлімшесі мал шаруашылығы  кешенінің жұмысшысы  болып бастады.   

1990-2012 жылдар аралығында «Трестжилстрой» шаруашылық есеп жастар бірлестігінің экспедиторы, «Капитал» шағын кәсіпорны директорының коммерция жөніндегі орынбасары, «Марат и компания-2» ПТ директоры, «Багдар-маркетинг», «Павлодар-Темир» ПКФ ЖШС, «Индустрия-Плюс», «Нукер-ПВ» ЖШС кәсіпорындарының директоры, «Нукер» ӘКК төрағасы болып еңбек етті.

2012-2013 жылдар аралығында - Павлодар облысы Железин ауданының әкімі.

2013-2014 жылдар аралығында Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы.

2014 жылы Ақсу қаласының әкімі, 2016 жылы Екібастұз қаласының әкімі, 2018 жылы Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

2019 жылдың ақпан айында Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылғы 10 шілдеден бастап – Павлодар қаласының әкімі.

Прочитано: 18117 раз