ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-12-29 00:00:00 Хабарландыру
ЖОЛАУШЫЛАР МЕН БАГАЖДЫ АВТОМОБИЛЬМЕН ТҰРАҚТЫ ТАСЫМАЛДАУДЫҢ МАРШРУТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚҰҚЫҒЫНА КОНКУРС ӨТКІЗІЛЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Жолаушылар мен багажды автомобильмен  тұрақты тасымалдау маршруттық қызмет көрсету құқығына Павлодар қаласы әкімінің аппараты 2019 жылғы «1» ақпанда, Кривенко көшесі, 25-үй 506 кабинет мекен-жайы бойынша Конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсқа көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдерде әрекет ететін автобус маршруттары қойылады:

1. № 1 Лот: № 40, 41 автобус маршруты (маршруттар пакеты) - (1 класты үлкен сыйымдылықты    );

2. № 2 Лот: - № 55 автобус маршруты (кіші класты).

Конкурсқа меншік нысанына қарамастан меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік етуші кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Павлодар қаласы әкімінің аппараты Кривенко көшесі, 25-үй, 522-кабинет мекен-жайы бойынша Конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді ұсынуы тиіс.

Конкурстық кұжаттарды алуға және Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2019 жылғы «17» қаңтар.

2019 жылғы «10» қаңтарда Кривенко көшесі, 25-үй, 522-кабинет мекен-жайы бойынша Конкурстық комиссия Конкурсты өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.

Анықтама үшін 321996, 616076 телефондары бойынша хабарласуға болады.

 

         «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары бөлімі»

Прочитано: 1835 раз