ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ОРЫНДАРЫНАН БОСАТЫЛҒАН АДАМДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ КВОТАСЫН БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ» ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНА ПРЕСС-РЕЛИЗ

2018-12-24 00:00:00 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

«Павлодар қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Павлодар қаласы әкімдігінің қаулысы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі  Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Аталған жобасын қабылдаудың мақсаты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу болып табылады.

Жоба қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық және\немесе құқықтық салдардарды тартпайды

Қаулының жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылды.

 https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2048390