ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА МҮГЕДЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ КВОТАСЫН БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ» ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНА ПРЕСС-РЕЛИЗ

2018-12-24 00:00:00 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

«Павлодар қаласында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Павлодар қаласы әкімдігінің қаулысы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында сәйкес әзірленді.

Аталған жобасын қабылдаудың мақсаты Павлодар қаласында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу болып табылады.

Жоба қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық және\немесе құқықтық салдардарды тартпайды

Қаулының жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылды.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2048398

Прочитано: 444 раз