ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

САЛАУАТТЫ ҚАЛА – ҚАУІПСІЗ!

2018-01-11 23:23:49 ПРОКУРАТУРА

Павлодар қаласының прокуратурасы облыстық прокуратура аппаратымен бірлесе отырып, «Салауатты қала – қауіпсіз!» жобасын іске асыру жөнінде бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Аталған жобаның мақсаты алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын жою, мас болу салдарынан заң бұзушылықтарға бару әрекеттерін алдын алу, алкогольді ішімдіктерді пайдалануды азайту үшін жағдай жасау болып табылады.

«Салауатты қала – қауіпсіз!» жобасын іске асыру мақсатында қалалық прокуратура, Павлодар қаласының әкімдігі, мемлекеттік кірістер басқармасы және Павлодар қ. ІІБ жергілікті полиция қызметкерлерінен жасақталған тұрақты жұмыс жасайтын жедел топ құрылды.   

Сондай-ақ болашақта осы жобаны іске асыруға қоғамды, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдарды, пәтер иелерінің кооперативтерін, ішкі істер органдары қоғамдық көмекшілерін тарту жоспарланған.

Прочитано: 825 раз