ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Ә.Қ. КҮМПЕКЕЕВКЕ ЕСЕП БЕРУ ТЕЗИСТЕРІ

2019-01-17 10:52:42 2019 жыл

2018 жылы Павлодар қаласы әкімдігінің жұмысы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға, «100 нақты қадам. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға, сондай-ақ Павлодар облысын 2030 жылға дейінгі дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауға бағытталған.

Тұтас алғанда, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары келесі көрсеткіштермен сипатталады.

Өнеркәсіп

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде өнеркәсіпте 773,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 105,2%-ды (бұдан әрі - НКИ) құрады,  соның ішінде:

- тау-кен өндіру өнеркәсібінде 601,8 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ 94,1%-ды құрады;

- өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 709,3 млрд. теңгені құрады, ИФО – 106,4%;

- электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны алмастыру саласында өндіріс көлемі 56 млрд. теңгені құрады, НКИ – 97,3%;

- сумен жабдықтау саласында өндіріс көлемі 7,9 млрд. теңгені құрады, НКИ – 102,5%.

Инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі қала бойынша 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 161,5 млрд. теңгені немесе 2017 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 67,6%-ды құрады.

Инвестициялар құрылымында ең көп үлес салмағын кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты алады – 76,7%, бюджеттік қаражаттың үлесі 16,9%-ды, қарыз қаражатының үлесі 6,4%-ды құрады.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өткен жылы (106 жұмыс орын) 1,9 млрд. теңге инвестициялар көлемімен 3   инвестициялық жоба енгізілді, соның ішінде:

- «Павлодар Водоканал» ЖШС – 14,3 млн. теңге сомасына құрылыс материалдарын өндіру;

- «METALLOGAMMA» ЖШС – 360,7 млн.теңге сомасына минералды шикізатты қайта өңдеу және алюмосиликатты қуыс микросфералары бар дайын өнімді шығару өндірістік цехы;

- «Гринланд Инвест» ЖШС – 1500 млн.теңге сомасына өсімдік майын (күнбағыс, рапс, зығыр) өндіру.

«Павлодар» АЭА арнайы экономикалық аймағының аумағына инвесторларды тарту жұмысы жалғасуда.

АЭА істеу кезеңінде 65 млрд.теңгеден астам жалпы инвестиция көлемімен 10 жоба іске асырылды, 1400-нан аса жұмыс орны ашылды, 2018 жылы 31 млрд.теңгеден астам сомаға өнім өндірілді («Каустик» АҚ, «БО-НА» ЖШС, «УПНК-ПВ» ЖШС, «Агрохимпрогресс» ЖШС, «Evooil Kazakhstan» ЖШС, «Giessenhaus» ЖШС, «КиК Павлодар» ЖШС, «LeichtMetall KZ» ЖШС, «Металлогамма» ЖШС, «RTF PVL» ЖШС).

Жоспарланған енгізу мерзімі 2019-2020 жылдары болатын, инвестиция көлемі шамамен 17 млрд. теңге, 100-ден аса жаңа жұмыс орнын ашатын тағы 10 жоба іске асырылу сатысында, бұл композитті коагулянттар өндіру («ASCOR» ЖШС), нанокаталитикалық крекинг арқылы мазутты және мұнай өнеркәсібінің өзге де ауыр қалдықтарын қайта өңдеу («Северхим» ЖШС), ыстық мырыштау өндірісін ұйымдастыру («РОСС DORCOM KZ» ЖШС), залалсыздандыратын заттар өндіру («D&P» ЖШС), жылыту радиаторлары мен қазандықтарын өндіру («Вектормаш» ЖШС), қаптама өнімінің өндірісі («Новопэк» ЖШС), мұнай өңдеу зауыттары үшін цетандық - тозуға қарсы қоспалар пакетін өндіру («Ертіс Мұнайсервисі» ЖШС), жеңіл балқытылатын автомобиль доңғалақтарын шығару 2-кезек («КиК Павлодар» ЖШС), тыңайтқыштар өндіру («A.R.S. – SOIL» ЖШС).

Кәсіпкерлік пен сауданы дамыту

Шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істейтін субъектілерінің саны 30 904 бірлікті құрады (2,5 %-ға өсті), соның ішінде жұмыс істейтін 24 738 бірлік (3,4 %-ға өсті).

Шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істейтін субъектілерінің саны 2019 жылғы 1 қаңтарға 2017 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 4,5%-ға ұлғайып, 24,7 мың бірлікті құрады.

Осы салада жұмыспен қамтылғандардың саны 5,5%-ға ұлғайып, 80,5 мың адамды құрады.

«Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қалада 4,7 млрд. теңге сомаға 85 жоба мемлекеттік қолдау тапты, соның ішінде:

- ішінара кепілдендіру – 495 млн. теңге сомаға 40 жоба;  

- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау  4188,4 млн. теңге сомаға 37 жоба;

- гранттық қаржыландыру 22,9 млн. теңге сомаға 8 жоба;

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы 32 жоба  299,4 млн. теңге сомаға шағын несие алды.

Қала кәсіпкерлерімен мемлекеттік қолдау шаралары арқасында   30-дан аса бизнес жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жаңа бизнес нысандары ашылды:

- «Пастила» караоке – бар;

- «Travelers Coffee» кафе - кондитерскаясы;

- «Адмиралъ кафе – пиццериясы»;

- «Бешбармақ» кафесі;

- «Детвора» балалар дамыту орталы;

- «Абай» БСО;

- «Ханым» кафесі;

- «Navi» сұлулық салоны;

- «Жаңа ОӘД» ЖШС;

- «Inmart» 2 дүкені;

- Суворов көшесі, 21 бойындағы «Ваш магазин» дүкені;

- «Karin» дүкені;

- «VEDRO» мейрамханасы;

- «Coffee Boom» кофейнясы;

- «Jekas Donner» дөнерханасы;

- «Izmir» кафесі;

- «Аквилон» керамораций дүкені;

- «Diplomat» мейрамханасының ашылуы

- Естай көшесі бойында «Coffe boom» кафетерийі және «Do-Do» пиццериясы.

Мынадай жұмыстар жүргізіледі:

- «Гермес Трейд» ЖШС Павлодар – Ленин тас жолында жол бойындағы бизнесті дамыту бойынша;

- «Saida plaza» ССО кеңейту бойынша (сауда үйі, мейрамхана, караоке кабинкалары);

- Ак.Сәтбаев көшесі, 285 бойында көпфункционалды кешен салу бойынша;

- Астана көшесі бойында «Парасат» қонақ үй кешенін салу бойынша.

Халықтың сатып алушылық қабілетін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі бөлшек тауар айналымы болып табылады. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша ол 220,1 млрд. теңгені немесе 2017 жылғы тиісті деңгейге қарағанда 245,2 млрд. теңгені немесе 100,2%-ды құрады. Тұтынушылық бағалар индексі 105,4%-ды құрады.

Қаланың тұтынушылық нарығында бағаны тұрақтандыру және оның негізсіз өсуін болдырмау үшін өңірдің өндірушілерімен, сондай-ақ көтерме және бөлшек желімен жасалған 12 Меморандум әрекет етеді. Бұған қоса, 27 «әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді, оның ішінен 2 дүкен ауылдарда орналасқан.

  Әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне бағаны ұстау, жұмыс істеп тұрған базарларға бәсекелес орта құру үшін, сондай-ақ тікелей өндірушіден сатуды ұйымдастыру үшін апта сайынғы негізде 2018 жылы 51 ауыл шаруашылық жәрмеңке өткізілді, онда  2,2 млрд. теңге сомаға өнім сатылды.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы саласында  2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде жалпы өнім шығарылымы 11,2 млрд. теңгені құрады, НКИ – 101,6%.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындармен 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда тамақ өнімдерін өндіру 5,9 %-ға ұлғайды.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде жалпы 37 мың тонна астықты сақтау көлемімен Ленин кентінде («GROUP KSM») элеватор салу бойынша 1,5 млрд.теңге сомаға инвестициялық жоба іске асырылды,      45 жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ, 1,6 млрд. теңге жалпы инвестиция көлемімен екі қайта өңдеу объектісі пайдалануға берілді, 70 жұмыс орны ашылды:

- «Дидар агротехникасы» ЖШС – диірмен кешенін салу, қуаты тәулігіне    120 тонна;

- «Гринланд инвест» ЖШС –күнбағысты қайта өңдеу және өсімдік майын өндіру бойынша зауыт салу (Жетекші ауылы) , қуаты тәулігіне 300 тонна.

Өткен жылы жаңа жобаларды іске асыру жұмыстары басталып кетті: қарақұмық жармасын өндіру ғимаратын салу және қайта жаңарту («Спец БД» ЖШС), Жетекші ауылында диірмен және элеватор салу   («Улан» ФҚ), Жетекші ауылында құс фабрикасын кеңейту ( «Павлодар Құс» КК ЖШС), Жетекші ауылында мал қораны кеңейту және қайта жаңарту (Конвишер ШҚ), Павлодар ауылында жылыжай салу (Насриддинов ЖК), жылыжай салу («Маникс» ЖШС), диірмен кешенін салу («Жан-Дос КЗ» ЖШС), 4 астық қоймасын салуды аяқтау («Аквамарин ПВ» ЖШС).

 Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 70,7 млрд. теңгені құрады, НКИ - 62,8%. Барлық қаржыландыру көздері есебінен 160,4 мың ш.м. пайдалануға берілді, НКИ - 93,7 %-ға артық.

Өткен жылы 96,2 мың шаршы метр жалпы ауданымен (1096 пәтер) 16 көп қабатты тұрғын үй салынды.

Бюджеттік қаражат есебінен «Сарыарқа» шағын ауданында (71,9 мың ш.м.) 9 тұрғын үй және Генерал Дүйсенов көшесі бойында (10,9 мың ш.м.) 2 үй пайдалануға берілді, 2019 жылы құрылысы аяқталатын (16,6 мың ш.м.) 2 тұрғын үй салынып жатыр.

Жеке меншік инвестициялар есебінен (13,4 мың ш.м.) 5 тұрғын үй енгізілді, 2019 жылы құрылысы аяқталатын  (54,5 мың ш.м.) 5 үй салынып жатыр.

«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қала әкімдігімен шағын аудан және көп пәтерлі тұрғын үйлер инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын салу жүзеге асырылады.

«Сарыарқа» шағын ауданыны жүктемесінің артқанын ескере отырып магистральдық және орамішілік электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз желілері пайдалануға берілді.

Осы шағын ауданнын үздіксіз электрмен жабдықтау үшін 2018 жылы 110/10 кВ қосалқы стансасын салу және «Павлодарская» қосалқы стансасын кеңейту басталды.

«Сарыарқа» шағын ауданында барлық тұрғызылған тұрғын үйлер тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне қосылған.

«Достық» шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы басталды. Есепті кезең ішінде  ұзындығы 3,8 км су құбыры, 1,07 км кәріз, 14,5 км оптикалық – талшықты байланыс магистралды желілері пайдалануға берілді. 2019 жылы жаңа шағын ауданда жылумен жабдықтаудың, нөсерлі кәріз және электрмен жабдықтаудың  магистральдық  және орамішілік желілерін, әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Жетекші ауылында және Әуежай ауданында жеке тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту үшін электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілуде.

Кенжекөл ауылының әуеқалашық ауданында тік жоспарлау жүргізілді және бірыңғай сәулеттік келбетте 55 типтік үйдің құрылысы басталды.

Мәдени іс – шараларды өткізу және бос уақытты қамтамасыз ету үшін Теміржолшылар және Жаңаауыл кенттерінде ауылдық клубтар, Кенжекөл ауылында - мәдениет үйі салынып жатыр. Спорттық іс-шараларды өткізу және спортпен айналысу үшін Ленин кенті мен Павлодар ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу жүзеге асырылуда.

Тұрғын үй-коммуналдық саласы және абаттандыру

Целинная көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді (Суворов көшесінен Щедрин көшесіне дейінгі учаске).

150 мың ш. км. ауданда қала көшелеріне, жолдар мен тротуарларға ағымдағы жөндеу жүргізілді, жеке меншік сектордың көшелерін топырақ жабындымен түзету жұмыстары орындалды.

320 мыңнан аса м2 ауданда 190 ауланы асфальттау, қаланың 63 учаскесінде шұңқырларды жөндеу жұмыстары орындалды.

2018-2019 ж.ж. жылыту маусымына дайындық шеңберінде ұзындығы 9,3 км жылу желілеріне күрделі жөндеу,  желілерге үш еселік сынақтар жүргізе отырып, жылу желілерінің жабдығына және ЫСЖ ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жалпы ұзындығы 12,2 км су құбыры мен кәріздің магистральдық және орамішілік желілері, 165 км әуе және кәбілдік электр жіберу желілері жөнделді.

Жалпы ұзындығы 10,6 км кәріз коллекторларының екі учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Саябақ аймақтары мен скверлерді дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында бюджет қаражаты есебінен «Толқын», «Усолка шағын ауданындағы дренажды канал», «Қазақстанның алғашқы бітімгерлер саябағы» скверлеріне күрделі жөндеу жүргізілді. «Портал-ПВ» ЖШС демеушілердің қаражаты есебінен «Ertis-promenade» орталық жағалауына сахнаны орнату бойынша жұмыстар аяқталды.

Орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағында абаттандырумен объектілерді салу және қайта жаңарту бойынша жұмыстар орындалды.

Қала мектептерінің аумағында тартан жабындысы бар, он шағын нысанды және үш тренажерді қамтитын 10 жаңа балалар ойын кешені орнатылды.

Қаланың 18 көшесіне жарықтандыру орнатылды, Кенжекөл ауылына дейінгі автожолда жарық құрылғыларын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде қалада «Павлодар қаласының сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту және сенімді басқару» жобасы аяқталуда, бұл энергия тұтынуды төмендетуге және жарық диодты шамдарды, сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарын орнату, сондай-ақ қалалық көшені жарықтандыруды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізу есебінен қаланың жарықтандыру деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Көгалдандыру бағдарламасы аясында 24 мыңнан астам ағаштар мен бұталар, 14 мың шаршы метрден астам алаңда гүлзарлар отырғызылды.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде қайтарым қаражаты есебінен Гагарин көшесі, 52 бойындағы тұрғын үйде жөндеу жұмыстары аяқталып, Естай көшесі, 38 бойындағы тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы осы бағдарлама шеңберінде қайтармалы негізде көп қабатты тұрғын үйлерде пайдалану мерзімі өтіп кеткен лифттерді ауыстыруды бастау жоспарлануда.

Азаматтардың қауіпсіз өмір сүру жағдайын жасау мақсатында 497 көп қабатты тұрғын үйді қамтумен 1931 кіре-берісте 4202 бейне-бақылау камера орнатылды. Көп қабатты үйлерді толық қамту үшін 2019 жылы 813 үйге бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған.

Көп қабатты тұрғын үйлердің бірінші қабатының кіре-беріс алдындағы және кіре-беріс ішіндегі алаңдарында жарық-диодты шамдар орнату жұмысы жүргізіліп жатыр. Барлығы 1033 тұрғын үйге 10652 шам орнатылды, жұмыс жалғасуда.

Бюджет

Павлодар қаласы бюджетінің  кіріс  бөлігінің   жоспарлы көрсеткіштері  2018  жыл ішінде  100,3 %-ға орындалды.

Қала бюджетінің шығыс  бөлігі есепті кезеңге арналған жоспар 71,5 млрд.теңге кезінде тұтас 99,4%-ға орындалды, орындалуы 71,1 млрд. теңгені, соның ішінде трансферттер 17 млрд. теңгені құрады.

Әлеуметтік  сала

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін 1604,5 млн. теңге  сомаға кепілдендірілген мемлекеттік төлемдер мен әлеуметтік қызметтер ұсынылды, соның ішінде:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 504 отбасы (1969 адам) алды;

 - тұрғын үй көмегі 1359 отбасыға (1518 адам) көрсетілді;

 - үйде тәрбиеленіп, оқытылатын 226 мүгедек балаға материалдық қолдау  көрсетілді;

- мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының ішінен 21,2 мыңнан аса адамға әлеуметтік көмек көрсетілді;

- 275 ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетілді;

- міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету түрінде әлеуметтік қолдау көрсету, ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтерін ұсыну 2735 мүгедекке ұсынылды;

- ведомстволық бағынысты мекемелермен 1435 азаматқа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді;

- «Инватакси» қызметі 588 мүгедекке ұсынылды.

Халықты жұмыспен қамту

Жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шараларына 397,7 млн.теңге жұмсалды.

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша 7993 азамат жүгінді. Ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 2018 жылдың соңына - 1232 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,6%-ды құрады, бұл 2017 жылғы деңгейден 0,1 %-ға төмен (2017 жылы – 0,7 %).

7391 азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, соның ішінде 6149 адам тұрақты жұмыс орындарына, 377 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 281 түлек жастар практикасына, 584 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

Жүгінген азаматтарды жұмысқа орналастыру деңгейі 92,5%-ды құрады, бұл 2017 жылғы деңгейден 24,9 %-ға жоғары.

Есепті  жыл  ішінде 3042 жаңа жұмыс орны немесе жоспардың 101,2%-ы ашылды (2764 – тұрақты, 278 – уақытша). Ашылған жұмыс орындарының жалпы санындағы тұрақты жұмыс орындарының үлесі 90,9%-ды құрады.

Үш бағыт бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы іске асырылып жатыр:

- «Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіби біліммен және қысқа мерзімді кәсіби оқытумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 581 адам қысқа мерзімді кәсіби оқытуға (жоспар – 535),           356 адам техникалық және кәсіби біліммен кадрларды даярлауға (жоспар – 354) жіберілді;

- «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 31 қатысушы «Бастау – Бизнес» жобасы бойынша оқытудан өтті (жоспар – 30), 33 қатысушы 299,4 млн. теңге сомаға микрокредит алды (жоспар – 28 адам, 298,4 млн. теңге), 40 қатысушы 9,6 млн. теңге сомаға жаңа бизнес- идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алды (жоспар – 354);

- «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты бойынша 8552  адам немесе жүгінген азаматтар санының 114,4%-ы жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды (жоспар – 7474 адам).

Аталған бағыт шеңберінде 44 қоныс аударушы және оралман отбасыға көшуге 14,9 млн. теңге сомаға субсидиялар төленді,         тұрғын үйді жалға алу бойынша шығыстардың орнын толтыруға 52 қоныс аударушы отбасыға 25,1 млн. теңге сомаға қаражат төленді. 

Білім беру

Павлодар қаласының білім беру мекемелері оқыту мен тәрбиелеудің тұрақты нәтижелерін қамтамасыз ете отырып, жеткілікті қаржылық және кадрлық ресурстарға ие.

2018 жылы білім беру жүйесінің бюджеті 15,5 млрд. теңгені, соның ішінде даму бюджеті – 1,6 млрд. теңгені құрады. Бұл келесі бірқатар іс-шараларды орындауға мүмкіндік берді: 

- 677,3 млн. теңге сомаға 32 объектіге күрделі жөндеу жүргізілді, бұл 2017 жылғы қаржылық шығындар көлемінен 2,2 есеге асып түседі;

- 63,3 млн.теңге сомаға 11 мектеп үшін  17 модификация кабинеті сатып алынды;

- мектептердің компьютерлік паркі 50,5 млн.теңге сомаға 336 бірлікке жаңартылды және 38 мектепте  94,7 млн. теңге сомаға мультимедиялық жабдық орнатылды;

-  жалпы 70,7  млн.теңге сомаға № 37 мектептің және № 122 мектепке дейінгі гимназияның спорттық базасы жаңартылды.

- жалпы 529,2 млн.теңге сомаға жаңартылған мазмұны бойынша 565,9 мың оқулық және оқу-әдістемелік құрал сатып алынды.

- Ленин кентінің № 31мектебінде 19,2 млн. теңге сомаға био-массада қазандық орнатылды;

- 25,6 млн. теңге сомаға екі мектеп автобусы (Теміржолшылар  кенті, Ленин кенті) сатып алынды;

- 13,9 млн. теңге сомаға №16,25,37 мектептеріндегі үш ІТ-класс компьютерлермен және жиһазбен жабдықталды, №21 мектептің акт залына орындықтар сатып алынды;

- мектепке дейінгі ұйымдарға 10,0 млн. теңгеге 42 компьютер сатып алынды;

Сонымен қатар, «Қазақстан алюминийі» ААҚ № 4 мектепке 5,3 млн.теңге сомаға зертхананы тегін тапсырды.

Мектепке    дейінгі  білім  беру  жүйесінде  1 жастан 6 жасқа  дейінгі  балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиелеумен қамту 73,5%-ға дейін өсті (жоспар – 72,5%), 2 жастан  6 жасқа  дейінгі  балалардың үлес көрсеткіші 89%-ды құрады, 3 жастан  6 жасқа  дейінгі  балаларды 100%  қамту  сақталынды.

Балабақшаларда 2 жастағы балалардың орын тапшылығы проблемасын шешу жаңа білім беру объектілерін іске қосу есебінен шешіледі деп болжанады:

- Тәуелсіздік даңғылы, 42/9 бойындағы 100 орынға арналған бұрынғы балабақша ғимаратын қайта жаңарту;

- «Baby Star KZ», «Инара» жеке меншік мектепке дейінгі шағын орталықтарында 100 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру.

Жалпы орта білім беру саласында 2 мың адамға дейін оқушылардың жыл сайынғы өсімі байқалады.

Орта білім беруді жаңғырту шеңберінде қаланың барлық мектептері кең жолақты Интернетке қосылған, «Күнделік» электронды журналдар жүйесін және  «Bilimland» білім беру порталын белсенді пайдаланады. 

Жаңғыртудың екінші бағыты үштілділікті енгізу болып белгіленді.  Аталған жобаға қаланың 42 мектебі енгізілді,  6 мектепте  8,9-сынып оқушылары тәжірибе ретінде химия, физика және биология пәндерін ағылшын тілінде меңгеруді бастап кетті. Аталған жобаны іске асыру оқушылар мен мұғалімдер үшін оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілген.

Қала мектептерінде 2868 мұғалім жұмыс істейді, жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың сапалық деңгейі 69%-ды құрайды, 150 жас педагог келді.

2018 жылы мектеп түлектері жаңа форматтағы қорытынды аттестациялауға қатысты. Орташа балл 99-ды құрайды, 100-ден аса балл жинаған түлектердің үлесі 55%-ды құрады.

Мектеп түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 424 грант алды, бұл ҰБТ тапсырғандар санының 61,5%-ын құрады, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 1,2 есеге артық. 

Соңғы 3 жылда облыстық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің саны 2,2 есеге артты. 2018 жылы Павлодар қаласы мектептерінің құрама командасы 45 жүлделі орынға ие болды (2016-21, 2017-34).

Республикалық пәндік олимпиадада №35,36,37,39 мектептердің 6 оқушысы алтын, күміс және төрт қола медаль жеңіп алды, 3 оқушы республиканың жоғары оқу орындарының грантына ие болды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстанның 100 үздік мектептерінің ондығына Павлодар қаласының №36 орта мектебі кірді.

Қосымша білім беру жүйесінде басым бағыттардың бірі оқушыларды бос уақытында жұмыспен қамту болып табылады.

Үйірмелер мен спорттық секцияларға 30 мыңға жуық оқушы қатысады, музыкалық, көркем, техникалық шығармашылықпен 11,5 мыңнан астам бала қамтылған.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағыттарының бірі патриоттық сезімді қалыптастыру болып табылады. № 9, 36, 37 мектептеріңде «Рухани жаңғыру» үш орталығының ашылуы оқушылардың мәдени мұраларын сақтау және эстетикалық тәрбиесі бойынша білім беру мекемелерінің қызметін бастау алды.

Қызықты жобаларды оқушылар бизнес ұйымдарымен бірге жүзеге асырады. «Қаржылық сауаттылық» жобасы қаланың 34 мектебінде жүзеге асырылуда, Халық банкімен және Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық іс жүзінде оқушыларға бизнес-жобаларды жүзеге асыруға, шағын және орта бизнестің қырларын тануға көмектеседі.

Экология жылы шеңберінде барлық павлодарлық оқушыларға туған өлкесінің экологиясын сақтауға үлес қосу мүмкіндігі берілді. Қоғамдағы табиғатқа ұқыпты қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану мүмкіндіктеріне «Мектеп қоқысты бөлек жинау үшін» акциясы арналған. Барлық мектептерде қағаз бен пластикке арналған бөлек контейнерлер орнатылған, онда 5 тоннадан астам макулатура жиналған.

Қаланың білім беру жүйесі республиканың басқа өңірлерінің қонақтары мен делегацияларының жоғары сараптамалық бағасын алды және білім беру қызметі сапасының жыл сайынғы баға қорытындысы бойынша облыста 1 рейтингтік позицияға ие болды.

Денсаулық сақтау

Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылған: 5 емхана; 2 қалалық аурухана; қалалық балаларды оңалту орталығы; қалалық жердегі 5 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, сондай-ақ жеке медициналық мекемелер.

Қала бойынша 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда қатерлі ісіктермен ауру көрсеткіші 6,2%-ға (100 мың тұрғынға 347,7), нәрестелер өлім-жітімі 30,2 %-ға (тірі туылған 1000 балаға 5,15) төмендегені, қан айналым жүйесінің ауруларынан өлім-жітімі 18,7%-ға (100 мың тұрғынға 213,9) азайғаны  байқалады.  2018 жыл ішінде қалада аналар өлім-жітімінің жағдайы тіркелген (2017 ж. – 1 жағдай немесе тірі туылған 100 мың балаға 18,9). Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 1% - ға (100 мың тұрғынға 49,7) артты.

Ауруларды ерте сатыдан анықтау мақсатында мемлекеттік - жекешелік әріптестік шеңберінде ағымдағы жылғы наурызда ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов ат. Павлодар облыстық ауруханасы» КММ үшін 240,0 млн. теңге сомасына компьютерлік томограф сатып алынды және орнатылды. МЖӘ шеңберінде қаланың 9 денсаулық сақтау объектісінде     51 бірлік медициналық жабдық, соның ішінде 19 наркозды-тыныс алу аппараты және 32 өкпені жасанды желдету аппараты 1 130,0 млн.теңге сомаға сатып алынды және орнатылды.

Құны миллион доллардан аса (394,9 млн.теңге) тұратын, кішкентай пациенттерге клиника қабырғасынан шықпай-ақ қиын зерттеулерден өтуге мүмкіндік беретін  компьютерлік томографты облыстық балалар ауруханасы алды.  Жаңа томографтың барлық қажетті сүйемелдеуі – наркозды - тыныс алу аппараты, электр сорғышы, кондиционері бар. Аппараттың өткізу қабілеті - күніне  шамамен 15 пациент.

Қаланың  2 денсаулық сақтау  нысанына 33,1 млн. теңге сомаға күрделі жөндеу жүргізілді. 200 төсек-орынға арналған облыстық онкологиялық диспансер және ауысымына 100 адам қабылдайтын емхана құрылысы жүріп жатыр, 1,9 млрд. теңге бөлінді.

Мәдениет және спорт    

 Қалада мәдени-демалыс жұмысы шеңберінде 136,1 млн.теңге сомаға мәдени құндылықтарды өркендету, дамыту, сақтау және насихаттауға  бағытталған 1706 іс-шара өткізілді, оған 602 мыңнан аса адам қатысты.

«Ұлы Дала Елі» фестивалі, Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 29 жыл толуына арналған митинг, Наурыз мейрамын мерекелеу, Балаларды қорғау күнін мерекелеу, жыл сайынғы «Бір отбасында өмір сүреміз» жазғы фестивалі, Қала күні, Астана күні сияқты іс-шаралар өткізілді. 

4 коворкинг–орталық ашылды, 3 коворкинг демеушілік қаражат есебінен 3 қалалық кітапхана базасында  және біреуі бюджет қаражаты есебінен Ленин кентінің кітапханасында, онда Интернетке шығу, өзекті әдебиетке, электрондық ресурстарға, қызықты және креативті іс-шаралар, кездесулер, семинарлар, тренингтер, мастер – класстар және т.б. өткізуге арналған орындарға қол жеткізу  үшін ашық кеңістіктер құрылды.   

Дене шынықтырумен және спортпен жаппай шұғылдану үшін қала тұрғындарына 1134 спорт имараты берілді.

2018 жылы 425 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы өткізілді, оған 50 мыңнан аса салауатты өмір салтын сүюші спорттың 58 түрі бойынша қатысты. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту 30,4%-дан астамын құрады.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар санының ұлғаюына, оның ішінде осындай жаңа спорт имараттарының ашылуы ықпал етті:

- Усолка шағын ауданында 50 метрлік jлимпиадалық жүзу бассейні;

- Естай көшесі, 146, Астана көшесі, 10, Қамзин көшесі, 68 бойындағы «Samruk-Kazyna Trust» 3 әмбебап инклюзивті спорт алаңы;

- 1 Май көшесі, 284, Геринг көшесі, 78, Майра көшесі, 43, генерал Дүйсенов, 105 бойындағы  стрит-воркауттың 4 алаңы;

- 1 Май көшесі, 288, Ворушин көшесі, 10, Комсомольская көшесі, 1/1, Айманов көшесі, 2, Сибирская көшесі, 87, Ак. Бектұров көшесі, 5 бойындағы жасанды жабындымен 6 шағын футбол алаңы;   

- Торайғыров көшесі, 6, Торайғыров көшесі, 44/1 бойындағы жасанды жабындымен 2 көпфункционалды хоккей корты;

- № 22, 36, 43 орта білім беру мектептерінде өлшемі 100х70 м. 3 толық көлемді футбол алаңы;

- Суворов көшесі, 19а бойындағы «Қуат Арена» жабық футбол алаңы;

- Естай көшесі,40 бойындағы каратэ шинкиокушинкай спорт залы;

- Павлов көшесі, 57/1 бойындағы «Мұстафа» таэквандоның салынған спорт залы.

№1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне роллерлік типтегі 10 велотренажер, 10 велостанк, 2 күштік мультистанция, 2 күштік көпфункционалды тренажер, үстел теннисіне арналған зеңбірек робот, штангалар сатып алынды;

- № 3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде шахмат бөліміне мүгедектер үшін көтергіш орнатылды және спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды;

- «№ 6 балалар - жасөспірімдер спорт мектебі» КММ жанынан үлкен теннис бөлімшесі және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шахмат бөлімшесі ашылды;

Тұрғын үйлер ауласының 2 хоккей кортында жасанды шөп жабындысы орнатылды және 1 шағын футбол алаңында жасанды шөп жабындысы ауыстырылды.

Павлодар облысы ІІД жанындағы «Динамо» спорт кешені қайта жаңартылды.

Келесі спорт объектілерін салу бойынша жұмыстар аяқталуда:

- Солтүстік өнеркәсіптік аймағы ауданындағы мұз сарайы;

- Ленин кентінде және Павлодар ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері;

- Ломов көшесі, 140/5 бойындағы бұрынғы Батыр стадионының аумағында өлшемі 50х70 м «Bolashaq Arena» жабық футбол манежі.

Жастар саясаты.

Жастармен жұмыс істеудің негізгі бағыты «Қазақстан-2020: болашаққа бастар жол» 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру болып табылады.

Қалада 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастардың саны 74,4 мың адамды немесе халықтың жалпы санының 21%-ын құрайды.                

Қалада 30-дан астам жастар қоғамдық бірлестіктері тіркелген, олардың ішінде 14 бірлестік белсенді жұмыс істейді.

Қоғамдық жастар құрылымдары жұмыс істейді: Павлодар қаласы әкімінің жанындағы Жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңесі және Жас мемлекеттік қызметшілер Кеңесі.

Мемлекеттік қолдау арқылы 2018 жылы жалпы 32 мыңнан аса адамды қамтумен 8 бағыт бойынша 30-дан астам іс-шара іске асырылды.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстылықпен күрес.

Жыл бойы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, заңдылықты сақтау және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау саласында мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілді.

Қоғамдық орындарда және көшелерде криминогендік жағдайды жақсарту мақсатында, қоғамдық тәртіпті қорғау қызметіне күн сайын жол-патрульдік полиция батальонының 160 полицейі, 75 учаскелік полиция инспекторы, әскери бөлімнің 130 әскери қызметшісі шығады.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде, қылмыстардың жалпы санының 3,8%-ға төмендегені байқалады, көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 18,1%-ды құрады.

Қарақшылық - 31,3% - ға, қорқытып алушылық - 25% - ға, ауыр дене жарақатын салу - 16,3% - ға, тонау - 14,7% - ға, алаяқтық - 1,5% - ға төмендегені байқалады. Бұл ретте бөтен мүлікті ұрлау - 1,1% - ға, бұзақылық 7,9% - ға аздаған өсімі байқалады.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қала көшелерінде 117 камера арқылы бейне-бақылау жүйелері қолданылады, олардың суреттері ІІБ-нің кезекші бөліміне шығарылады.

Нәтижесінде, бейне-бақылау жүйелерінің көмегімен қала бойынша 124 қылмыс ашылды, 18728 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру мақсатында «Автобус» және «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді. Жол-көлік оқиғаларының көрсеткіші 4,5% - ға төмендеді.

Мемлекеттік қызметтер

2018 жылы қала әкімінің халықпен 7 есепті кездесуі, қоғамдық кеңеспен 1 кездесу өткізілді, олардың барысында азаматтардың 180 ескертпесі мен ұсынысы айтылды. Оның ішінен кездесу барысында 132-не түсініктеме берілді, 48 өтініш бақылауға алынып, іске асырылды.

Павлодар қаласы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 3509 өтініш келіп түсті,оның ішінде 625 – жеке қабылдауында, 2884-жазбаша.

Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық, сәулет және құрылыс (2408), әлеуметтік сала (552), жер қатынастары және жер пайдалану (404), кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы (77), қаржы және экономика (68) мәселелері бойынша келіп түсті.

Барлық өтініштер бақылауға алынды, өтініш иелеріне жауап берілді. Қала әкімдігінің мемлекеттік мекемелері 97 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті, барлығы 12,5 мың қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары және мемлекеттік қызметтерді ұсынуға қатысты ақпарат Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылады және тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Қоғамдық-саяси жағдай

Қазіргі уақытта Павлодар қаласында 511 үкіметтік емес ұйым, Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясының 28 этномәдени бірлестігі тіркелген.

Қала әкімдігінің жанында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік кеңес, жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңес өзінің қызметін жүзеге асыруда, ақпараттық – түсіндіру топтары, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес жұмыс жасайды.

Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс жасап отырған ҮЕҰ-мен ынтымақтастығы дамуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың     2018 жылдың қараша айында шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шеңберінде ағымдағы жылы азаматтық қоғам институттары, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми интеллигенция, жастар, саяси партиялар өкілдерінің және депутаттардың қатысуымен іс-шаралар жоспарланған.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ең маңызды бағыттардың бірі Павлодар қаласы қалалық Қоғамдық кеңесінің жұмысы болып табылады, ол қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылауға қатысады, еңбек ұжымдарында, ПИК өкілдерімен, мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесулер өткізеді.

Қалалық мәслихат депутаттары да белсенді жұмыс жүргізуде.    2018 жылы 15 сессия өткізіліп, 114 шешім қабылданды, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелеріне, ПИК объектілеріне, ХҚКО бару арқылы халыққа қызметтер ұсыну сапасын зерттеу барысын, мердігерлік ұйымдармен аула ішіндегі аумақтарды сапалы және уақытылы асфальттауды бақылау мәселелері бойынша шамамен 100 көшпелі отырыс жүзеге асырылды.