ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-01-21 17:35:22 Қала жаңалықтары
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

ҮЕҰ базасына өзіңіздің қызметіңіз туралы ақпаратты уақтында 2019 жылдың 31 наурызына дейін ұсыну қажеттігін еске саламыз.

Ақпараттар ұсынылады:

– 2019 жылдың 31 наурызына дейін пошта арқылы немесе қағаз және электрондық тасымалдағыштар арқылы (CD ықшам дискілер немесе Word форматындағы USB флеш-жинақтары);

– ҮЕҰ деректер базасының интернет-порталы арқылы (http://infonpo.kz).

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратты уәкілетті органға пошта арқылы немесе қолма қол үкіметтік емес ұйымдар келесі мекенжай бойынша жібереді: Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15 подъезд, индекс 010000, Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам жұмыстары бойынша комитеті.

Толығырақ ақпаратты ҮЕҰ деректер базасының ресми сайтынан білуге болады www.infonpo.kz.