ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

ЕРМҰРАТ САПАРБЕКҰЛЫ НҰРХАНОВ – ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

2018-01-05 00:00:00 Қала басшылары

Ермұрат Нұрханов 1979 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданында туған, қазақ, білімі жоғары. 2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Басқару мен ақпаратты өндеудің компьютерлік жүйелері» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2002 жылы Шарбақты ауданы Шегірен орта мектебінің компьютер сыныптарын жабдықтау инженері болып бастады.

Мемлкеттік қызметте еңбек жолын  2003 жылы «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып бастап, «Павлодар қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі  басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылдың ақпан айынан 2013 жылдың шілде айына дейін «Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып еңбек етті.

2013 жылдың тамыз айынан 2014 жылдың сәуір айына дейін коммуналдық  мәселелер бойынша Павлодар қаласы әкімі орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдың мамыр айынан 2015 жылдың маусым айына дейін «Павлодар қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет етті.

2016 жылдың шілде айынан 2017 жылдың қараша айына дейін «Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың қараша айынан 2019 жылдың қаңтар айына дейін «Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.

2019 жылдың 28 қаңтарынан бастап Павлодар қаласы әкімінің орындасары болып тағайындалды.

Прочитано: 623 раз