ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-01-30 08:59:24 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ҮЗДІК ҰСТАЗДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Облыс орталығында қала әкімі Әнуар Күмпекеев ұстаздармен  кездесу өткізді.

«Достық үйі» мәдени-сауық орталығының дөңгелек үстелінде 2018-2019 оқу жылында республикалық және облыстық оқушылар олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған қаланың үздік 50 ұстазы жиналды.

Қала әкімі үздік ұстаздардың еңбектерін атап өтіп, оларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.

- Елбасы атап өткендей  «Біздің мемлекет әлеуметтік бағдарланған және білімге ерекше көңіл бөледі, біз өз болашағымызға назар аударамыз...». Сіздердің арқаларыңызда біздің мектептерде талантты балаларды дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда. Ал, бүгін сіздердің оқушыларыңыз  түрлі олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атануда. Сіздердің еңбектеріңізге алғыс айтамын және шығармашылық табыстар тілеймін, -деді Павлодар қалсының әкімі Әнуар Күмпекеев.

15 жылдан астам уақыт бойы Павлодар қаласының оқушылар құрамасы  «Ең үздік қалалық олимпиадалық құрама» атағына ие. Жылдан жылға  облыс орталығында олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің саны артып келеді. 2018 жылы облыстық олимпиадада 45 қатысушы жеңімпаз атанды, республика бойынша 6 оқушы, 2019 жылы облыстық кезеңде 47 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Кездесу барысында ұстаздар Қазақстандағы білім берудің қазіргі дамуы туралы пікір алмасты, қала әкіміне өңірде it мектептер ашу, басқа өңірлермен тәжірибе алмасу туралы ұсыныс жасады.