ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2019-02-05 19:05:42 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР ЖӘНЕ АУЫЛ АЙМАҚТАРЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Синоптиктердің болжамы бойынша, жақын күндері аяздардың күрт күшеюі күтіледі. Павлодар облысының ТЖ департаменті қауіпсіздік бойынша ұсыныстарды береді.

Төмен температура жағдайында өрт санының артуы және адамдардың үсуі мүмкін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінде авариялардың туындауы, көлік жұмысының бұзылуы  да мүмкін.

ТЖ қызметкерлері Павлодар өңірінің тұрғындарын отпен абай болуға шақырады. Аязда өрттің пайда болуына қолдан жасалған жылыту құралдары, шамадан тыс электр сымдары және пештердің қызуы жиі әкеледі. Жанып жатқан пештерді және қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдыруға болмайды.

Салқындаудан немесе үсіктен сақтану үшін далада болу уақытын қысқартыңыз,жылы киім мен аяқ киімді киіңіз.

Су қоймаларына шығуды тоқтату керек. Жүргізушілерге алыс сапарлардан бас тартуды ұсынамыз.

ТЖ Департаментінің бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің телефоны 112. Нөмірді теру ұялы және стационарлық телефондардан жүзеге асырылады.

Прочитано: 546 раз