ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-02-06 17:20:59 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ЖЫЛУ ЖЕТПЕУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДЕ

Жылу беру маусымының басынан бастап қалалық әкімдікке павлодарлықтардан жылудың жетіспеушілігі бойынша 500-ге жуық шағым келіп түсті. Өтініштер қоғамдық қабылдауға, қала әкімінің WhatsApp нөміріне және Instagram аккаунтына келіп түсуде. Барлық шағымдар қарастырылып, жылу желілерінің өкілдерімен бірлесіп шешімдері табылады. Аяздың күшеюіне байланысты Әнуар Күмпекеев үш көпқабатты тұрғын үйдің жылыту жүйелерінің жұмысын тексерді, сондай-ақ №33 балабақшаға және «Ертіс» қонақ үйіне барды.

Тексеріс нәтижесінде, екі тұрғын үйге жылу жетіспеушілік анықталды. Ткачев көшесі, 17 үйде - орталық жылу станциясының параметрлері жеткіліксіз, ал, Қайырбаев көшесі, 104-ші үйде гидравликалық режим бұзылған. Сонымен қатар, көптеген үйлердің ішкі жүйелеріндегі мәселелер, тұрғын үй  иелерінің жылу жүйелерін тазартпаудан және рұқсат етілмеген өзгерістерді жүзеге асырудан туындаған. Торайғыров көшесі, 36 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде пластинчатты радиатордағы Маевски краны жоқ, соның себебінен  жылу беру маусымының басынан батареяларда «ауа жиналған». Сондай-ақ, бұл үйдегі жылу шығыны ғимараттың бірінші қабатындағы дүкендер мен бизнес-ғимараттардың салдарынан туындаған. Осы мәселелерді  шешу үшін, мердігерлерге жылу желісіне жеке қосылу үшін техникалық шарттар берілетін болады. Желіні жөндеу жұмыстарының бір бөлігі тұрғындар қаражаты  есебінен жүзеге асырылады.

Ертіс қонақ үйінің шеткі бөлмелерінде, сондай-ақ төменгі қабаттарында салқын, себебі жылу жоғарыдан берілгендіктен. Қонақ үйдің 9-шы және 11-қабаттарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 12-ші қабатқа жөндеу  жүргізуді жоспарлап отыр. №33 балабақшадағы бір қабатты терезелерге байланысты жылудың айтарлықтай бөлігі жоғалады. Бұл жерде пластикалық терезелерді осы жазда  ауыстыруға шешім қабылданды. Әнуар Күмпееев жылу жетпей жатқан нысандардың  нақты санын анықтауды және келесі қысқа дайындық барысында аталмыш ақауларды  жоюды тапсырды.