ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2019-02-11 16:07:05 Қала жаңалықтары
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ АУКЦИОН!

«Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылдың 21  ақпандағы  сағат 10 00-де мемлекеттік меншіктегі жер телімдерінің жалдау құқығын сату бойынша және ағылшын  әдісі бойынша жер пайдалануға берілмеген жер телімдеріне аукцион өткізеді. Сауда-саттық Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 415- кабинет мекенжайы бойынша өтеді.

 

Сауда-саттықта сату үшін ұсынылып отырған жер телімдерінің

тізбесі және олардың құқығы

 

р/с

Жер телімінің орналасқан жері

Жер телімінің

мақсатты нысаны

Жер телімінің көлемі, га

Құқық 

түрі

Жалдау

төлемінің сомасы

Сауда-саттықты  өткізу тәсілі  мен әдісі

Бастапқы бағасы,

(теңге)

Кепілдік  жарнаның сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Павлодар қаласы,

Ладожская көшесі  – Тәуелсіздік даңғылы

Көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін

6, 8894

3 жылға уақытша жер пайдалану құқығы

797 793

Аукцион, ағылшын

2 748 871

137 444

2

Павлодар қаласы, Ракетная көшесі

Таунхаустың  құрылысын салу және қызмет көрсету үшін

0,0806

3 жылға уақытша жер пайдалану құқығы

13 061

Аукцион, ағылшын

73 507

126 250

3

Павлодар қаласы,  Проезд С

Таунхаустың  құрылысын салу және қызмет көрсету үшін

0,0812

3 жылға уақытша жер пайдалану құқығы

13 164

Аукцион, ағылшын

74 054

126 250

4

Павлодар қаласы,  Проезд С

Таунхаустың  құрылысын салу және қызмет көрсету үшін

0,0994

3 жылға уақытша жер пайдалану құқығы

16 115

Аукцион, ағылшын

90 653

126 250

5

Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 176/8

Өндірістік үй-жайларды (ӘТК, БӨО) орналастыру және ұстау үшін

0,7009

3 жылға уақытша жер пайдалану құқығы

101 445

Аукцион, ағылшын

399 513

126 250

6

Павлодар қаласы,  Орталық өнеркәсіптік  аймақ

Өндірістік базаның құрылысын салу және қызмет көрсету үшін

0,6387

3 жылға уақытша жер пайдалану құқығы

92 452

Аукцион, ағылшын

364 059

126 250

7

Павлодар қаласы,  Жаңаауыл, Өзен портының ауданы

Жүкті қабылдау үшін айлақтың  құрылысын салу және қызмет көрсету үшін

0,5783

3 жылға уақытша жер пайдалану құқығы

83 709

Аукцион, ағылшын

   395 557

126 250

 

Аукционға қатысушыларды тіркеу, қабылдау: Аукционға қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарландыру жарияланған күннен бастап  жүргізіледі және аукционның басталуына 24 сағат қалғанда аяқталады. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет: 1) жер телімінің жалдау құқығын  сату жөнінде аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты. Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқаларды салыстыру үшін беріледі.

Кепілдік жарна әрбір сауда-саттықтың объектісі бойынша «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ депозиттік шотына БИК KKMFKZ2A. Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Павлодар облысы бойынша Қазынашылық Департаментіндегі ИИК KZ460705034633004001, Код 4633004, БИК KKMFKZ2A, БИН 041240007579, КНП 171, КБе 12, КБК-жоқ, кез келген банк арқылы № 9-бағанындағы жоғарыда көрсетілген  тізілім мөлшерінде енгізіледі. 

Сауда - саттықтарға қатысуға өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 320А  кабинет, телефон: 610844.

Аукционның өткізу талаптары: Аукционшы объектінің  бастапқы бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі  шектерде өзгереді.

Аукционшы, қолайлылық үшін, ағымдағы қадамның бірден екі  бөлігінен аспайтын мөлшерге объектінің бағасын дөңгелендіреді. Аукционшы объект бойынша  аукционға қатысушылардың  аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін  неғұрлым жоғары баға ұсынған  қатысушының аукциондық нөмірін хабарлайды. Аукционшы объектінің  соңғы бағасын үш рет  қайталайды және басқа көтерілген аукциондық нөмірлері болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды.

Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттықтың алдында  сауда-саттыққа қатысушылардың санын белгілейді. Егерде осы жер телімі немесе жер телімінің жалдау құқығы бойынша  сауда-саттыққа қатысушылардың саны екеуден кем болса, сауда-саттық өтпеген болып саналады. Егерде объект бірінші аукционда сатылмаған жағдайда, ол келесі аукциондарға сатуға қойылады.

Жер телімдерінің жалдау құқығын сату шарттары: мақсатты нысанына сәйкес пайдалану,  жалдау құқығын сатып алу - сату келісім шартын жасасу, белгілі бір жерде  жер телімінің шекарасын белгілеу,  жер теліміне жалдау келісім шартын жасасу, объектіні жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу, келісімді қамтамасыз ету және инженерлік коммуникацияларды ауыстыру (олар болған жағдайда). 

Төлемнің нысаны мен шарты: сатушы мен сатып алушының арасындағы сатып алу – сату  келісім шарты бойынша есеп жүргізіледі, бұл ретте сатып алушы  мынадай тәртіпте есеп жүргізеді:

елу пайыз мөлшердегі аванстық төлем сатып алу - сату келісім шартына қол қойылғаннан күннен бастап банктік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді. Кепілдік жарна тиісті аванстық төлемнің есебіне жатқызылады.

қалған сома жалдау құқығын сатып алу - сату келісім шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Жер телімін  немесе жер телімінің жалдау құқығын беру туралы  жергілікті атқарушы органның шешімі аукцион аяқталғаннан кейін екі жұмыс күннен кем емес мерзімде қабылданады.

Жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде сауда-саттықтың объектісін сатып алу - сату келісім шарты жасасылады.

Прочитано: 847 раз