ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

«АВТОТҰРАҚТАР (ПАРКИНГТЕР) САНАТТАРЫН БЕЛГІЛЕУ ЖӘНЕ АВТОТҰРАҚТАР (ПАРКИНГТЕР) ҮШІН БӨЛІНГЕН ЖЕРЛЕРГЕ БАЗАЛЫҚ САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫН ҰЛҒАЙТУ ТУРАЛЫ» ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІНЕ ПРЕСС-РЕЛИЗ

2019-01-23 00:00:00

«Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы» Павлодар қалалық мәслихатының шешімі Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 509-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Жаңадан қабылданған Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексіне сәйкес «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы» Павлодар қаласы мәслихаты шешімінің жобасын қабылдау бойынша ұсыныс Павлодар қаласы әкімдігімен енгізілді.

Жоба қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық және\немесе құқықтық салдардарды тартпайды

Шешімінің жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылды.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2062812

Прочитано: 116 раз