ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-02-22 11:26:36 Қала жаңалықтары
ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ "OPEN PAVLODAR"ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қалалық соғыс Ардагерлері кеңесінің бастамасымен Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі Павлодар қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді талдау бөлімімен бірлесіп "Open Pavlodar" фронт-кеңсесіне экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия барысында ардагерлерге кеңсенің 5 операциялық залының (мемлекеттік қызмет залы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету залы, сандық қызмет көрсету орталық залы, өзіне-өзі қызмет көрсету залы, Павлодар әкімінің қоғамдық қабылдауы) жұмысы көрсетілді.

Цифрлық қызмет көрсету орталығының залымен танысу кезінде ардагерлер осы жерде көрсетілетін қызметтерді пайдалануды шешті және қызметкерлердің жеделдігі мен құзыреттілігін бағалай отырып, қала басшылығына бейне үндеулерін жазып берді.

Қоғамдық қабылдауға келген кезде ардагерлер қалалық мекемелердің өкілдерімен кездесіп, өз тілектерін айтып, сұрақтарға жауап алды.

Соңында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. С. Кеңесбаев ардагерлер ұйымының атынан ұйымдастырушыларға өткізілген экскурсия үшін алғысын білдіріп, осы фронт-кеңсе барлық қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді барынша жайлы, ашық және қазіргі заманғы форматта алуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.