ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

АҚПАРАТ

2018-01-18 16:08:15 2017 жылғы есеп беру кездесуі

Павлодар қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 ақпандағы «2017 жылғы қала әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулерді жою және ұсыныстарды қарау мақсатында Павлодар қаласы әкімінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 182/6 қаулысын орындау барысы туралы ақпарат

 

№ р/с

АвтордыңТАӘ.,

оныңәлеуметтікжағдайыжәнемекен-жайы

Ескертулерменұсыныстардыңқыс

қашамазмұны

Іске асыру барысы

1 -қос., 3 - т.

Жангелді Біләлұлы Абдрахманов, Павлодар а., Школьная к-сі, 5, 1-пәт., өздігінен жұмыспен қамтылған

Павлодар ауылындағы Огородная көшесін жарықтандыру туралы

2017 жылғы «Аймақтардың экономикалық дамуына көмектесу шараларына қол жеткізу» бағдарламасы бойынша ауылдың аумағын жарықтандыруға 3623,0 мың теңге бөлінді. «Хлебстрой» ЖШС мердігерлік ұйыммен маусымда 48 көше жарығының тіректері орнатылды, соның ішінде Огородная көшесі– 34, Октябрьская – 5, Октябрьская көшесінен Береговая көшесіне дейін өтетін жерде – 8, Строительная -1.

1 -қос., 4 - т.

Лидия Алексеевна Насонова, Павлодар қ., Катаев к-сі, 103/2, 8-пәт., зейнеткер

Ертіс өзені алқабындағы орманды кесу және орман аймағында қоқыстың жиналуы туралы

2017 жылдың басынан «Орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының Павлодар мекемесі» ММ-сі учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп Ертіс өзені жайылмасында табиғат қорғау заңнамасының сақталуы бойынша 12 рейдтік іс-шаралары жүргізілді. Рейдтер барысында 5 әкімшілік хаттамалар, 22690 теңге сомасына 1 әкімшілік айыппұл құрастырылды.

1 -қос., 9 - т.

Жанаргүл Болатқызы Ысқақова, Ленин к., Маслозаводская к-сі, 36, өздігінен жұмыспен қамтылған

Ленин кентіндегі Маслозаводская к-сі бойынша жолды грейдермен тегістеу жүргізу туралы

Осы көшеде су жүргізетін құбырларды салу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2017 жылғы тамызда Маслозаводская к-сі бойынша жолды грейдермен тегістеу жұмыстары жүргізілетін болатын.

1 -қос., 10 - т.

Айтуған Есімханұлы Түсіпбеков, Ленин к., Айдагольская к-сі,5, «Элекор KZ» күзет агенттігінің менеджрі

«Батыр» дзюдо күресі бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің филиалына спорт құрал-жабдығын сатып алу туралы

Ленин кенті, Мақажанов к-сі, 40а бойынша орналасқан «Батыр» дзюдо күресі бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК филиалына 1,1 млн. теңге жалпы сомасына спорт жабдықтары сатып алынды және орнатылды: «гиперэкстензия» жаттығу құрылғысы, Скотт орындығы, күш жаттығу құрылғысы, 2 көп функционалдыжаттығу құрылғысы, «отырып жіліншікті» жаттығу құрылғысы, зілтемірді көтеру үшін күштік орындық.

1 -қос., 11 - т.

Тұрсымбай Қабиұлы Сүлейменов, Кенжекөл а., Парковая к-сі, 11, зейнеткер

Көлік құралдарының жылдамдығын шектегіш немесе жол белгісі үшін жасанды жол тегіссіздігін Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің жанында орнату туралы

2017 жылғы маусымда Кенжекөл ЖОБМ-нің жанында автокөлік құралдарының жылдамдығын шектеуге арналған жасанды жол тегіссіздігін «Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ орнатылды.

1 -қос., 12 - т.

Ерсайын Шапин, Кенжекөл а., Саттарханов к-сі, 21, жеке кәсіпкер

Сымдардың жиі тұйықталуына байланыстықызмет көрсету және күту үшін Саттарханов көшесінің электрмен жабдықтаушы жеке желілерінің балансына алу туралы

Сымдардың жиі тұйықталуына байланысты Саттарханов к-сі бойынша желілерді тарту жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа, алдағы бюджеттің 4 деңгейге өтуіне байланысты барлық қараусызэлектр беретін құрылғылар желілері әкімдіктің балансына алынуы жоспарлануда.

1 -қос., 13 - т.

Ғалы Биманұлы Асқаров, Кенжекөл а., Конституция алаңы, 5, зейнеткер

Кенжекөл а/о қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторларына қызметтік автокөлік беру туралы

2017 жылғы 21 маусымда Қазақстан полиция күнінің 25 жылдығын мерекелеуге байланысты Павлодар облысының әкімі Б. Ж. Бақауовпен Кенжекөл ауылдық округінің № 22 полиция пунктінің учаскелік инспекторына ВАЗ-21021 автокөлігі тапсырылды.

1 -қос., 14 - т.

Алма Сергеевна Науразбекова, Кенжекөл а., Солодовников к-сі, 14, үй шаруасындағы

4 айналым ауданында электрмен жабдықтау желілеріне қызмет көрсету туралы

Бюджеттің кезекті нақтылауы кезінде № 33, 34, 37 ТҚС бойынша ЖСҚ әзірлеуге және Кенжекөл ауылының 3 және 4 айналым ауданында электрмен жабдықтау желілері мен 2 ТҚС қалпына келтіруге «Павлодар қаласының құрылыс бөлімі» ММ бюджеттік өтінім берілетін болады.

1 -қос., 26 - т.

Татьяна Геннадьевна Васькина, Торайғыров к-сі, 61, 45-пәт., «Локальный профсоюз нефтепереработчиков» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Кондоминиум объектілерінің жұмыс кестесінің өзгеруі туралы (жұмыс күннің сағат 20.00-ге дейін ұлғаюы, сенбі күні жұмыс)

Павлодар қаласының кондоминиум объектілерін күту және басқарма органдардың ассоциациясы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігімен «Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бірлесіп Павлодар қаласының аумағындағы кондоминиум объектілеріне қызмет көрсететін ұйымдардың (ЖПИК, ЖШС, ЖК) жұмыс күнін ұзарту мәселесі жөнінде жиналыс өткізілді.

Бүгінгі таңда, қызмет көрсететін ұйымдар жедел жауап қайтаруға арналған штаттық кестесімен кезекші қызметкерлер құрамы бар, «Клочанова» ЖК қалалық апаттық қызметі (телефон 131) және жеке ПИК шарттар жасалды.

Азаматтарға көрсетілетін қызметтерді төлеу қолайлылығына (ПИК) бірыңғай түбіртекке (БЕО) қосу үшін «Павлодарэнергосбыт» ЖШС шарттар жасалды, «Альянс Сервис ПВ» ЖШС, «Ақбота» ЖПИК, «Скат ПВ» ЖШС, «Гүлдер» ЖШС шарттар жасалды.

 

1 -қос., 28 - т.

Арман Ғабитұлы Джолдаксинов, Теміржолшылар к., Степная к-сі, 96, «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» акционерлік қоғамы электромонтері

Теміржолшылар к. қоқыс контейнерлерін орнату туралы

2017 жылғы маусымда Теміржолшылар кентінде қоқыс контейнерлерін орнату мәселесі жөнінде кентіде тұрғындармен жиналыс өткізілген болатын, жиналыс барысында қазіргі уақытқа дейін тұрмыстық қалдықтарды өндеу нормалары бекітілген жоқ. Осыған байланысты, осы қызмет түрін көрсететін ұйымдар үшін қалалық тарифтерді қолдану тиімді емес.

1 -қос., 35 - т.

Галина Михайловна Былинина, Короленко к-сі, 9, 1-пәт., зейнеткер

Короленко к-сі, № 9 үйінің ауласында жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін зардаптарын жою туралы

2017 жылғы шілдеде жер жұмыстары жүргізілгеннен кейін Короленко к-сі, № 9 үйінің ауласында асфальт жабынын қалпына келтіру жұмысы «Павлодар жылу желілері» ЖШС орындалатын болады.

 

 

1 -қос., 43 - т.

Бауыржан Балтабекұлы Қосынтаев, 1 Май к-сі, 20, 17-пәт., «Толағай» балалар клубының меңгерушісі

Айманов к-сі, 42 бойынша спорт алаңының жасанды көгал төсемін ауыстыру туралы

Айманов к-сі, 42 бойынша шағын футбол алаңының жасанды көгал төсемін ауыстыру жұмыстары «АЛГА-ПВ» ЖШС ұйыммен толық көлемде жасалды.