ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2019-03-13 16:17:47 Қала жаңалықтары
ҚАЛА ӘКІМДІГІ ҚҰРЫЛЫСЫ ҰЗАҚ МЕРЗІМГЕ СОЗЫЛҒАН НЫСАНДАРДЫ МОНИТОРИНГІЛЕУ ЖӘНЕ АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДЕ

Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына Павлодар қаласының бас сәулетшісі Назар Жұмабеков мәлімдеді.

- Ак. Сәтпаев-Ткачев көшелерінің қиылысында орналасқан жер учаскесі 2006 жылдан бері қолданылмай тұр, игерілмеген аталмыш жер телімі сот шешімі бойынша алынып, аукцион арқылы сатылды. Енді бұл жер телімінің  жаңа иесі осы жерде тұрақ және сауда орталықтары бар көпқабатты тұрғын үй салуды жоспарлап отыр, -дейді Назар Жұмабеков.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, жасалып жатқан  жұмыстардың түпкілікті мақсаты жер учаскелерін алып қою емес, егер қандай да бір себептермен иеленушіге құрылыс нысанын салу үшін қиындықтар туатын болса, оны сатуға немесе инвесторларды тартуға мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда Павлодар қаласында қаланың сәулеттік келбетін бұзатын құрылыс жұмыстары ұзақ уақытқа созылып кеткен 30-ға жуық құрылыс нысандары бар.

Прочитано: 1087 раз