ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНА ТЕГІН ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ» ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНА ПРЕСС-РЕЛИЗ

2019-04-03 18:34:19 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

«Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» Павлодар қаласы әкімдігінің қаулысы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағы 14-тармақшысына, 8-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін, көздерін, түрлері мен қағидаларын бекіту туралы» № 320 қаулысына сәйкес әзірленді.

Жоба қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық және\немесе құқықтық салдардарды тартпайды

Қаулының жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылды.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2326844