ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 2 НАУРЫЗДАҒЫ «ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ» № 3 ШЕШІМІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ШЕШІМІНЕ ПРЕСС-РЕЛИЗ

2019-04-15 00:00:00 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес, «Павлодар облысы Павлодар қаласының Тәуелсіздік даңғылын қайта атау туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 4 және Павлодар облысы мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 344/30 бірлескен қаулысы мен шешімі негізінде шешіміне сәйкес әзірленді.

Жоба қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық және\немесе құқықтық салдардарды тартпайды.

Қаулының жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылды.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2333991